Алюмосиликаттар: Нұсқалар арасындағы айырмашылық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Мазмұны өшірілді Content added
ш r2.7.1) (Боттың үстегені: nl:Aluminosilicaat
Ulan (талқылау | үлесі)
6-жол: 6-жол:
{{wikify}}
{{wikify}}


[[Санат:Минералдар]]
[[Санат:Алюминий қосылыстары]]
[[Санат:Силикат минералдар]]

[[Санат:Кремний қосылыстары]]
[[Санат:Тағам қоспалары]]
[[ca:Aluminosilicat]]
[[ca:Aluminosilicat]]
[[de:Alumosilicate]]
[[de:Alumosilicate]]

10:11, 2011 ж. қарашаның 3 кезіндегі нұсқа

Алюмосиликаттар – силикаттар класындағы минералдар тобы; қос элементті алюмокремний қышқылдарының тұздары. Кристалдық құрылымының негізін кремний-оттек тетраэдрі (SіO4) мен алюминий-оттек тетраэдрі (AlO4) қалайды. Бұл екі тетраэдр бір-бірімен ортақ оттек атомымен байланысқан. Алюмосиликаттар шексіз үш өлшемді каркас немесе жазық торлар, кейде шеңберлер, жеке немесе қосақталған тізбектер түзейді. Сондықтан олар каркасты (дала шпаты, фельдшпатоидтар, цеолиттер), қатпарлы (слюдалар, хлориттер, пренит), сирек жағдайда сақиналы (кордиерит), тізбекті немесе таспалы (мүйіз талшық) болып келеді. Алюмосиликаттардың құрылымы қатаю температурасы мен кристалдану жылдамдығына байланысты. Алюмосиликаттар құрамындағы катиондар ішінде натрий, калий, кальций басым, магний мен темір аз, литий мен барий өте сирек кездеседі. Алюмосиликаттар негізінен жеңіл, (меншікті салмағы 2,9 г/см3) ашық түсті. Олар тау жыныстарын құраушы негізгі минералдар – литосфераның жоғарғы бөлігінің 50%-ын құрайды, граниттердегі мөлшері 65 – 75%-ға жетеді. Алюмосиликаттар үгілу процестері нәтижесінде алюминийдің гидросиликаттары – каолин, гидрослюда және саз минералдарына айналады. А.Алюмосиликаттар (сілтілі дала шпаттары, кейбір слюдалар, нефелин, лазурит, т.б.) бағалы шикізат болып табылады.[1]

Сілтеме

  1. Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;