Алюмосиликаттар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
15:58, 2011 ж. мамырдың 27 кезіндегі Gabit Karabay (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа
Навигацияға өту Іздеуге өту
Үлгі:Қорық аймақАлюмосиликаттар  – силикаттар класындағы минералдар тобы; қос элементті алюмокремний қышқылдарының тұздары. Кристалдық құрылымының негізін кремний-оттек тетраэдрі (SіO4) мен алюминий-оттек тетраэдрі (AlO4) қалайды. Бұл екі тетраэдр бір-бірімен ортақ оттек атомымен байланысқан. А. шексіз үш өлшемді каркас немесе жазық торлар, кейде шеңберлер, жеке немесе қосақталған тізбектер түзейді. Сондықтан олар каркасты (дала шпаты, фельдшпатоидтар, цеолиттер), қатпарлы (слюдалар, хлориттер, пренит), сирек жағдайда сақиналы (кордиерит), тізбекті немесе таспалы (мүйіз талшық) болып келеді. А-дың құрылымы қатаю темп-расы мен кристалдану жылдамдығына байланысты. А. құрамындағы катиондар ішінде натрий, калий, кальций басым, магний мен темір аз, литий мен барий өте сирек кездеседі. А. негізінен жеңіл, (менш. салм. 2,9 г/см3) ашық түсті. Олар тау жыныстарын құраушы негізгі минералдар – литосфераның жоғ. бөлігінің 50%-ын құрайды, граниттердегі мөлш. 65 – 75%-ға жетеді. А. үгілу процестері нәтижесінде алюминийдің гидросиликаттары – каолин, гидрослюда және саз минералдарына айналады. А. (сілтілі дала шпаттары, кейбір слюдалар, нефелин, лазурит, т.б.) бағалы шикізат болып табылады.