Екатерина Васильевна Большакова

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
17:56, 2018 ж. қаңтардың 20 кезіндегі Kasymov (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа
(айырм) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырм) | Жаңарақ нұсқа → (айырм)
Навигацияға өту Іздеуге өту

Екатерина Васильевна Большакова (26 желтоқсан 1916 жылы, қазіргі Ресей, Кемерова облысы, Мариинск қаласында туған – 26 шілде 1963 жылы, Алматы қаласында қайтыс болған)биология ғылыми кандидаты (1949 жылы). Томск университетін бітірген (1940 жылы). Большакова 1940–42 жылы Алматы мемлекеттік қорығында кіші ғылыми қызметкер болды. 1942 жылдан өмірінің соңына дейін КСРО Ғылым Академиясының Қазақстан бөлімшесінде, Қазақстан Ғылым Академиясының Эксперименттік биология институтында(қазіргі «Биоген» акционерлік жабық қоғамы) қызмет істеді. Қазақ арқар-меринос қойы|арқар-меринос қойын шығаруға қатысқаны үшін Большаковаға КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді (1950 жылы).[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том