Хроматографияның теориялық негіздері

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
19:06, 2011 ж. қыркүйектің 4 кезіндегі Sergazyyev (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа
Навигацияға өту Іздеуге өту

Хроматографиялық-дннамикалық бөлу кезінде құрамдас бөліктерінің жылжымалы фазасының жылжымайтын ауысуы және, керісінше, периодты түрде жүреді. Нәтижесінде әрбір молекула орта есеппен алғанда қозғалатын фазасында tn және қозғалыссызда tk уақыт аралығында болады және ол осы уақытта бағана ішіндегі қозғалыс фазасының жылдамдығына сәйкес V жылдамдықпен козғалады. Бағанадағы еріген заттың қаншалықты тездеу қозғалатындығын tn мен tk салыстырмалы шамасы арқылы анықтайды.

Бөліну эффектісіндегі әр түрлі факторлар үлесі бағанада ешқандай нақтылы мәні жоқ, шартты түрде қабылдаған "теориялық табақшаның эквивалентті биіктігі" ("высоту эквивалентную теоретической тарелке") (ВЭТТ) деп аталатын таза абстрактылық түсінік арқылы өрнектеледі. Алайда ВЭТТ тиімді иараметр болып табылады, әрі стандартты ауытқу (дисперсия) квадратының бағана ұзындығына қатынасымен анықталады:

(15.7)

мұндағы Н - ВЭТТ мәні, - қалыпты ауытқу. L - фаза аралығындағы тепе-теңдік орнайтын (яғни онда ағым жылдамдығы, температура және басқалар) белгілі бір жағдайда бағана бөлігінің ұзындығы.Мұнымен қатар теориялық табақшалар саны (N) деген ұғымды енгізеді. Сонымен бөліну ойдағыдай болу үшін теориялық табақша саны мүмкіндігінше көп, ал ВЭТТ керісінше аз, бағана ұзындығы қысқа болғаны жөн. ВЭТТ төмен болған сайын, бағана тиімді жұмыс істейді, ал ВЭТТ саны мұндағы X - хроматограммадағы t-ға сәйкес бөлік ұзындығы, w - шоқтықтың ені. Бұдан N= L/H = 16(x/w2) , мұндағы Nэфф = L/Hэфф = 16(x'/w2) - эффектілі параметрлер, демек,

H= L/N = L/16(x/w)2; Nэфф = 1/Nэфф = L/16(x'/w)2 (15.8)