Қазақгейт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Қазақгейт — американдық бизнесмен және Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісі Джеймс Гиффен айналасындағы жанжал.[1]

Американдық прокурорлар Гиффенді 1990-шы жылдары батыс компанияларын Теңіз мұнай кен орнының келісімшартымен қамтамасыз ету үшін Назарбаев пен Нұрлан Балғымбаевқа пара берді деп айыптады.[2] 2003 жылы Гиффен Нью-Йорк әуезжайынан Парижге жол тарту кезінде тұтқындалды. Кейін белгілі болғандай, Гиффен елден қашуды жоспарламаған, бұл Джеймстің жоспарлаған әдеттегі жолсапары болған. Нью-Йорктің Оңтүстік округ прокурорымен Гиффен 1977 жылғы Шетелдегі Жемқорлық Заңы, және ақшаның ізін жасыру бойынша айыпталды. Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес қос азаматтық тыйым салынғанымен, Джеймсте сол кезде Қазақстанның дипломатиялық азаматтығы болған. Сондай-ақ прокуратура бұрынғы Mobil мұнай компаниясының басшысы Брайан Уильямс ІІІ-ні салық төлеуден жалтарды және Қазақстанда бизнес жүргізу кезінде төленген параларға байланысы бар деп айыпталды.

Пара туралы федералды айыптау бойынша Гиффен Швейцариялық банк шоттарын құрды, 20 миллион долларды табыстады[3], қазақ ресми тұлғаларының отбасы мүшелерінің беделді мектеп-интернаттарындағы оқу ақысын төледі және миллион доллардай тұратын асыл бұйымдар сатып алды деп айыпталды. Гиффен қорғаушылары "Джеймс АҚШ үкіметінің толық білімімен және мақұлдауымен жұмыс жасады" - деп мәлімдеді. Гиффен сот процессі кезінде сотты өзі құпия ақпаратты қарауға рұқсат беруін сұрады. Гиффеннің бұл сұрауына АҚШ үкіметі қарсы шықты.[4]

Қазақстан басшылығы ресми түрде шығынның Қазақстанға қатынасы жоқ екенін, бұл іс американдық азаматтың айыптауы екенін мәлімдеді. Бұған қарамастан кейбір американдық заңгерлер АҚШ Әділет департаментіне Қазақстан атынан үндеу тастады.[5] Олар АҚШ-тың Қазақстанмен қарым-қатынасының стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, іс тыңдауын тоқтатуды сұрады.

Сот процессі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Гиффен сот процессі кезінде ЦРУ-ның мақұлдауымен іс атқарғанын мәлімдеді. ЦРУ бұл іске қатысы бар құпия құжаттарды жариялаудан бас тартты.[6] Гиффен қорғаушылары Джеймстің Қазақстан басшылығының тапсырысын орындағанын, Қазақстан шетелдік мемлекет ретінде өз қөзқарасына қарай және АҚШ үкіметі мүдделерін қанағаттандыруына қарай ненің заңды екендігін анықтай алатындығын атап өтті.[7]

2010 жылдың тамыз айында Гиффен жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы бойынша салықтық қылығын мойындады; басқа берілген айптарды Гиффен қабылдаудан бас тартты.[6] Гиффенге тиесілі Mercator Corporation айыптаудың бір пункті бойынша өз кінәсін мойындады (Шетелдегі жемқорлық заңына сәйкес Қазақстан Республикасының жоғарғы лауазымдағы шенеунікке заңсыз төлем жасады деген айып бойынша).[8]

Сот процессі 2010 жылдың қарашасында аяқталды; американдық округтің судьясі Уильям Поли сот процессі кезінде жарияланбаған құпия құжаттармен танысқанын, және соған орай Гиффенді түрмеге қамаудан, оған айыппұл салудан бас тартатынын мәлімдеді.[7]

Қазақгейт көркем шығармада

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бұрынғы ЦРУ агенті Роберт Бэрдің "See No Evil" кітабында "Mr. Kazakhstan" ретінде көрсетілген. Джордж Клуни осы кітап бойынша "Сириана" фильмін түсірді. Бұл фильмде Гиффен рөлін Тим Блейк Нельсон ойнады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]