Алтай аймағы
Аймақ | |
Алтай аймағы | |
ұйғ. ئالتاي ۋىلايىتى қыт. 阿勒泰 | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Кіреді |
Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы, Іле Қазақ автономиялық облысы |
Енеді |
6 аудан және 1 қалалық аудан |
Әкімшілік орталығы | |
Әкімі |
Айтжанұлы Сабыр |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
47°50′ с. е. 88°08′ ш. б. / 47.833° с. е. 88.133° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°50′ с. е. 88°08′ ш. б. / 47.833° с. е. 88.133° ш. б. (G) (O) (Я) |
Жер аумағы |
117.699,01 км² |
Уақыт белдеуі | |
Ірі қаласы |
Бейтун |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
645.057 адам (2007) |
Тығыздығы |
5 адам/км² |
Телефон коды |
0906 |
Пошта индекстері |
836500[1] |
Координаттар: 47°50′ с. е. 88°08′ ш. б. / 47.833° с. е. 88.133° ш. б. (G) (O) (Я) |
Алтай аймағы (ұйғ. ئالتاي ۋىلايىتى, қыт. 阿勒泰) — Қытай Халық Республикасы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының Іле Қазақ автономиялық облысына қарасты әкімшілік аймақ. Батысында Шығыс Қазақстан облысымен, солтүстігінде Ресейдің Алтай Республикасымен (Ресеймен 2-реткі шекараласуы (52 км)), солтүстік-батыс және батысында Моңғолияның Баян-Өлгей (450 км.) Қобда аймақтарымен шектеседі. Жер көлемі 117,8 км², халқы (әскери өндіріс құрылыс корпусын есепке алмағанда) 561,667 (2003 жылғы санақ бойынша) халық тығыздығы шаршы шақырымға 5 адамнан келеді. 8 ұлттың өкілі тұрады. Соның ішінде қазақтар 50,5 %. Орталығы — Алтай қаласы. Әкімшілік жағынан 6 ауданға (Шіңгіл, Көктоғай, Бурылтоғай, Буыршын, Қаба, Жеменей), 1 қалаға (Алтай қаласы) бөлінеді.
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алтай аймағы жерінің көпшілігі Алтай тау жүйесінде және тау етегінде орналасқан. Алтай аймағында Алтай тауларынан Қара ертіс өзені және оның салалары Қанас өзені, Бұлғын өзендері баcтау алады. Алтай аймағының жер бедері таулы келеді. Орман тоғайы мол (1,5 млн га). Климаты қатаң континентті. Табиғаты көркем, жер асты кен байлықтарына бай. Онда мұнай, көмір, темір, алтын, күміс, марганец, қорғасын, қалайы, фосфор, күкірт тұзы бар.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алтай аймағы ертеде найман, керей, қаңлы, үйсін, тағы басқа түркі тектес тайпалардың мекені болған. 8—9 ғасырда Енисей қырғыздары, 12—13 ғасырда наймандар, 14 ғасырда Әмір Темір, 16—18 ғасырда моңғолдар (ойраттар), 18 ғасырдың II жартысында керейлер билік құрды. 1758 жылдан бергі Қытайдың Манжұр империясының бұл өлкені өз қоластына қаратпақ болған ниеті 1864 жылы Қытай мен Ресей арасындағы шекара келісімінен соң жүзеге асты. 1904 жылы Моңғолия арқылы Бейжіңге тікелей қарайтын болды. 1911 жылы Цинхай революциясынан кейін Қытай отаршыларының қолына көшті. 1919 жылы Алтай аймағы Шыңжаң өлкесіне қосылды. 1912—1928 жылдары Яң Зыңшин, 1928—1933 жылдары Жин Шурын, 1933—1944 жылдары Шэн Ши Сай басқарған өлкелік Қытай үкіметінің езгісінде болды. 1940 жылы Алтай аймағында қазақ шаруаларының Қытай үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық көтерілісі болды. Бұл көтерілістің нәтижесінде Алтай аймағы Шығыс Түркістан Республикасының (1944-1949) құрамына кірді (1945 қыркүйек), 1949 жылы Шығыс Түркістан Республикасы құлағаннан кейін Шыңжаң өлкелік үкіметіне қарады. 1954 жылы Қытай Халық Республикасындағы қазақтар тығыз орналасқан Іле, Алтай, Тарбағатай аймақтарының негізінде Іле Қазақ автономиялық облысы құрылды. Халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Алтай аймағында Ақыт қажы Үлімжіұлы, Оспан батыр Сіләмұлы, Шәріпхан Жеңісханұлы, Дәлелхан Сүгірбайұлы сынды қазақ халқының көрнекті өкілдері туып өскен.[2][3][4] [5]
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2000 жылғы халық санағы бойынша, округте 561,7 мың адам тұрады. Қытайдың Батыс бөлікті қауырт игеру стратегиясына байланысты жергілікті халық қазақ халқынан қытай ұлт өкілдерінің саны уақыт озған сайын басым түсуде. Яғни қазақтар азшылықты құрауда.
Ұлтық құрамы (2000)
Ұлт | Саны | Үлесі |
---|---|---|
Қазақтар | 288 612 | 51,38 % |
Қытайлар | 229 894 | 40,93 % |
Хуэйцзулар | 22 166 | 3,95 % |
Ұйғырлар | 10 068 | 1,79 % |
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алтай аймағы 1 қалалық ауданға, 6 ауданға бөлінеді:
# | Статусы | Атауы | қытайша | Пиньинь | ұйғырша | ұйғырша (латын) |
Халқы (2003 шамамен.) |
Ауданы (км²) |
Халық тығыздығы (/км²) |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | Қалалық аудан | Алтай қаласы | 阿勒泰市 | Ālètài Shì | ئالتاي شەھىرى | Altay Shehiri | 230,000 | 10,852 | 21 |
2 | Аудан | Буыршын | 布尔津县 | Bù'ěrjīn Xiàn | بۇرچىن ناھىيىسى | Burchin Nahiyisi | 70,000 | 10,369 | 7 |
3 | Аудан | Көктоғай (Фуюнь) |
富蕴县 | Fùyùn Xiàn | كوكتوقاي ناھىيىسى | Koktokay Nahiyisi | 90,000 | 32,327 | 3 |
4 | Аудан | Бурылтоғай (Фухай) |
福海县 | Fúhǎi Xiàn | بۇرۇلتوقاي ناھىيىسى | Burultoqay Nahiyisi | 70,000 | 33,319 | 2 |
5 | Аудан | Қаба (Хабахэ) |
哈巴河县 | Hābāhé Xiàn | قابا ناھىيىسى | Qaba Nahiyisi | 80,000 | 8,186 | 10 |
6 | Аудан | Шіңгіл (Цинхэ) |
青河县 | Qīnghé Xiàn | چىڭگىل ناھىيىسى | Chinggil Nahiyisi | 60,000 | 15,790 | 4 |
7 | Аудан | Жеменей | 吉木乃县 | Jímùnǎi Xiàn | جېمىنەي ناھىيىسى | Jéminey Nahiyisi | 40,000 | 7,145 | 6 |
Басшылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Хатшылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 张岩
Уәлилері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Арыстан Ғалымұлы
- Мәукен Сейітқамзаұлы 毛肯·赛衣提哈木扎 2003 - 2007
- Талғат Үсен? 塔里哈提·吾逊 2012? — 1 April 2017
- Айтжанұлы Сабыр
- Қадан Кабен 哈丹·卡宾 April 01, 2017 — April 2021 Керей, Абақ, Жәнтекей
- Жүніс Қадысұлы Керей, Абақ, Шеруші
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Area Code and Postal Code in Xinjiang Uygur Autonomous Region Мұрағатталған 28 шілденің 2012 жылы. (ағыл.)
- ↑ Алэтай дицюй гай куан (Алтай аймағының жалпы жағдайы), Үрімжі, 1989.
- ↑ Современный Синьциян и его место в казахстанско-китайских отношениях, Алматы, 1997.
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, 1-том
- ↑ Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ Даланың соңғы нояны. Оспан батыр мен оның ұрпақтары туралы фотодерек. “Егемен Қазақстан” Жалпыұлтық Республикалық газеті" ААҚ (22 наурыз 2008). Тексерілді, 20 тамыз 2012.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ранорамио торабындағы Алтай суреттері Мұрағатталған 19 қаңтардың 2014 жылы. (ағыл.)
- Historical Weather: ALTAY, China (ағыл.)
Бұл — Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы географиясы бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |