Австромарксизм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Виктор Адлер астромарксизмнің негізін салушы
Виктор Адлер астромарксизмнің негізін салушы

Австромарксизм[1] (нем. Austromarxismus) - ревизионнизмнің түрі жəне марксизмді неокантиандық және басқа да ілімдермен біріктіріп қараған австриялық социал-демократияның солшыл реформистік ағымы.Австромарксизм XX ғасыр басында пайда болды. Көрнекті өкілдері: К.Реннер, О.Бауэр, М.Адлер, Р.Гильфердинг және т.б.

Австромарксизм құрамының әртектігімен, идеялық-саяси ұстанымдарының қайшылықтылығымен, ымыраға көнгіштігімен және батылсыздығымен ерекшеленді. Австромарксизм фашизмге қарсы күресте біршама қызмет атқарды, дегенмен, сол кездегі социал- демократияға тән қателіктерден қашып құтыла алмады. II дүниежүзілік соғыстан кейін Австрияның Социалистік партиясы марксизмнен, соның ішінде австромарксизм мүлде бас тартты. Австромарксизм негізінде XIX ғасыр соңында К.Реннер мен О.Бауэр ұсынған ұлттық-мәдени автономия бағдарламасы мен тұжырымдамасының шешімі жатқан ұлттық мәселенің теориясы мен саясаты проблемалары ерекше маңызды орын алды.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9
  2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3