Агарик тұқымдастар
Агарик тұқымдастар - (лат. Agaricomycetes) - базидиомицет класының гименомицеттер қатарына жататын саңырауқұлақтар.
Биологикалық сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Агарик тұқымдастардың жеміс денесі үлкен, бір түбірлі, жоғарғы жағында қалпақшасы бар. Осы құрылысына қарап, бұларды қалпақшалы саңырауқұлақтар деп те атайды.
Базидиоспора шығаратын мүшесі - гименофор пластинкалары, қалпақшаның төменгі жағын айнала қоршап тұрады.
Агарик тұқымдастар - топырақтағы өсімдік қалдықтарымен қоректенетін сапрофиттер. Кейбір түрлері жоғары сатыдағы өсімдік тамырларымен микоризалық тіршілік етеді.
Агарик тұқымдастарға жататын 6 топқа жататын 700-ден астам түрі белгілі, олардың 20-30 түрі ғана жеуге жарайды, улы түрлері де көп.
Таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстанда 300-ден астам түрі өзен бойындағы тоғайларда, орманда, таулы жерлерде өседі. Шөлді аймақта наурыз-сәуір айларында ақ саңырауқұлақ кездеседі. Қазақстанда өсетін Агарик тұқымдастардың улы түрлерінің ең көп таралғаны - Шыбынжұт, немесе аммонита деп аталатын саңырауқұлақ.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998