Антонио Лопес де Санта-Анна
Антонио Лопес де Санта-Анна | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
21 наурыз 1847 — 2 сәуір 1847 | |||
Ізашары | Валентин Гомес Фариас | ||
Ізбасары | Педро Мария де Анайя | ||
| |||
20 мамыр 1847 — 15 қыркүйек 1847 | |||
Ізашары | Педро Мария де Анайя | ||
Ізбасары | Мануэль де ла Пенья-и-Пенья | ||
| |||
20 сәуір 1853 — 9 тамыз 1855 | |||
Ізашары | Мануэль Мария Ломбардини | ||
Ізбасары | Мартин Каррера | ||
Өмірбаяны | |||
Дүниеге келуі | 27 ақпан 1794 Халапа, Веракрус штаты, Жаңа Испания | ||
Қайтыс болуы | 21 маусым 1876 (82 жас) Мехико, Мексика | ||
Әкесі | Антонио Лопес де Санта-Анна | ||
Анасы | Мануэла Перес де Леброн | ||
Әскери қызметі | |||
Атағы | генерал | ||
Қолтаңбасы | |||
Antonio López de Santa Anna Ортаққорда | |||
өңдеу |
Антонио де Падуа Мария Северино Лопес де Санта-Анна-и-Перес де Леброн (ис. Antonio de Padua María Severino López de Santa Anna y Pérez de Lebrón; 21 ақпан 1794, Халапа — 21 маусым 1876, Мехико), «Санта-Анна» және «Батыстың Наполеоны» есімдерімен танымал— мексикалық әскери тұлға, мемлекеттік және саяси қайраткер.
Мексика империясының Республикаға айналуына ықпал етті. Жалпы алғанда 22 жыл бойына Мексика Президенттігі орнына 11 рет отырған болатын. Оның билігінің тұсында Мексика сол уақытта Мексиканың бір бөлігі болғанТехас Тәуелсіздігі үшін соғысқа қатысты (1835-1836; соңында Санта-Анна повстанцаға қолға түсіп қалды) және америка-мексика соғысына тартылған еді. Екі бірдей соғыстың қорытындысында Мексика өз жерінің біраз бөлігінен (Калифорния мен Техас жерінен) айрылып қалды. 1855 жылы Санта-Анна соңында президенттік орыннан біржола босатылды. Өмірінің соңғы жылдарында қуғында болды, шайыр саудасымен айналысты.
Өмірінің алғашқы кезеңі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Санта –Анна 1794 жылы 21 ақпанда Жаңа Испания, Веракус штатында, Халапа қаласында қадірлі испандық отаршыл жанұясында дүниеге келді. Оның ата-аналары Антонио Лопес де Санта-Анна мен Мануэла Перес де Леброн креолдар тегінен еді және орта дәрежелі топтан шыққан болатын.Олардың қаржылық шамалары ұлдарының мектепке бауына жағдай жасай алды. Оның әкесі испандық Веракус провинциясында (Жаңа Испания) бір мерзімге корольдік әскерде суб-делегат болды.1810 жылдың шілдесінде Санта-Анна Хоакина де Арредондо басшылығында Фихо-де-Вера-Крус жаяу әскер полкына жіберілді. 16 жасында ол кадет болды. Кейінгі бірнеше жылдар бойына Мексиканың ішкі провинциясына орналасқан үнді тайпаларын бақылаумен және көтерілісшілермен шайқасумен өткерді.
Корольдік әскерде қызмет еткен көптеген креольдік офицерлер сияқты Испанияға лоялді болып қалды және бірнеше жыл тәуелсіздік үшін мексикалық соғысқа повстанцевтіктерге қарсы күресті.
Әскери мансабы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1810 жылы (Осы жылы Мигель Идальго-и-Костилья Испаниядан өз тәуелсіздігіне қол жеткізуге алғыашқы шешім қабылдады.) испандық колониальді әскеріне қосылып, Санта-Анна өзінің қолбасшысы Хоакина де Арредондодан көп нәрсені үйренді. Сонымен бірге көтерілген ұлтшылдармен келісім жасау өнерін үйренді.
1811 жылы тамыз айында Амоладерас (Район округі, Сан-Луис-Потоси штаты) Санта-Анна чичимек жебесінен сол қолы жараланды. 1812 жылы ол екінші лейтенант шенін, ал жылдың соңына қарай бірінші лейтенант шенін алды.
1813 жылы Техастағы қызметі кезеңінде Гутиерреса повстанцевіне қарсы экспедицияға қатынасты. Мединедегі шайқаста көрсеткен ерлігімен танылды, осы уақыттан бастап мансаптық сатымен жоғарылай бастады. Көтерілісті басуға қатынасқан жас офицер Арредондо жүргізген жаппай өлім жазасы саясатының куәсі болды және кейбір тарихшылар Техасс көтерілісі барысында ол Арредондо жанында қызметінде алған тәжірибесін қолданды деген тұжырым айтады.
Бірнеше жылдан кейін тәуелсіздік үшін соғыс тығырыққа таянды. Осы кезеңде Санта-Анна жаңа Веракрус губернаторына адютант болып орналасып, Веракрус маңайына қашқындар үшін ауыл салумен айналысты. Сол уақыттарда ол құмар ойындарға құмартып, осы күйі оның өмірінің бар кезеңінде қалып қойды. 1816 жылы ол капитан шенін алды.
Төңкерiс дәуiрi
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шындығында, Санта-Анна армия қолдаған үкімет танымал болмаған Итурбидеге шынайы берілмеген болатын. Оның дүниелік көзқарасы байлар мен ықпалды адамдар қатарында болуды қалады, солай бола тұра кез-келген шайқаста жеңіске жеткен топпен бірге болады.
1822 жылы Санта-Анна Итрубиданы құлату жоспарын шығарып, әскери көшбасшылар еліне өтіп кетті. 1822 жылы Санта-Анна Гуадалупе Виктория монархияны тойлау мен Мексиканы республикаға айналдыруға бағытталған де Каса Мата жоспарына қол қойды.1823 жылы наурыз айында Итрубида өзінен өкілдікті алып, Виктория Мексиканың бірінші президенті болды. Итрубиданы свержениюде Санта-Аннаның көрсеткен көмегі басқа көшбасшыларға оның көпке белгілі өзгермелі мінезіне қарамастан, сенуге болатынын білдірді.
1824 жылы Висенте Герреро Санта-Аннаны Юкатана губернаторы етіп тағайындайды. Онда ол өзінің инициативасымен әлі де Испания қол астында болса да, Кубаға басып кіру жоспарын даярлады, кейін бұл даярлықты қаражат жетімсізідігінен деп тоқтатады. 1828 Санта-Анна, Висенте Герреро және саясаткер Лоренцо де Савала жаңа ғана сайланған Мануэль Гомес Педрасқа қарсы бүлік жасады .
1828 жылы 3 желтоқсанда әскер Ұлттық сарайға оқ атып, нәтижесінде сайлау қорытындысының күшін жойып, Герреро президенттікке отырады. 1829 жылы Испания Мексикаға үстемдігін қалпына келтіру мақсатында Тампикоға генерал Исидро Баррадас басшылығымен 2600 әскер жібереді. Санта-Анна азғантай ғана күшімен интервенттерге (олардың көбі жасыл безгекпен сырқаттанған болатын) қарсы шабуылға шығып, оларды соққыға алды.
Испаниялықтарға қирата соққы бергендігі Санта-Аннаның танымал болуына жол ашты, алайда жаңа тіуелсіз мексика республикасының жақтастарын нығайтты. Санта-Анна батыр деп танылып, сол уақыттан бері өзін «Тампиконы жеңуші» және «Отанды сақтаушы» деген атпен мадақтады. Өзін мақтаудың негізігі түрі «Батыс Напалеоны» титулымен атауы болатын.
1829 жылы желтоқсанда вице-президент Анастасио Бустаманте президент Герерроға қарсы көтеріліп, оны өлтіріп, 1830 жылдың 1 қаңтарында президенттік орынға отырады. 1832 жылы үкіметті Мануэл Педрасқа беру мақсатында Бустамантеге қарсы көтеріліс басталды, 1828 жылы сайлауда повстанцалар заңды деп табылды. Олар басшылықты Санта-Аннаға ұсынды.
1832 жылы тамызда Бустаманте президенттік орынға Мельчор Мускисті тағайындап, көтерілісшілерге қарсы шықты, Галлинеро, Долорес-Идальго, Гуанахуато тұсында қақтығысқа соққы берді және Публеге Санта-Анна күшіне қарсы шығуға жылжыды. Тағы екі қақтығыстан кейін Бустаманте, Педраса және Санта-Анна Мануэль Педрас президент ретінде тағайындалған Савалетск келісіміне(21—23 желтоқсан 1832) қол қойды. Санта Анна жаңа келген президентпен бірге еріп, 1833 жылы 3 қаңтарда астанаға келді.
Өкiмет басында
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Президент Педрас Конгресс шақырып, алайда 1833 жылы 1 сәуірде Президент етіп Санта-Аннны жариялады. Вице-президент етіп Санта-Анна Валентин Гомес Фариасті тағайындады, әрі үкімет билігін уақытша берді. Фриас өмірге негізінен әскер мен шіркеулерге қарсы бағытталған либералды қайта құрулар енгізе бастады. Салықты тоқтатып, шіркеу иеліктері мен қаржыларын басып алу консерваторларды қозғап, Санта-Аннға (тағдыр тәлкегімен либералға) билікті қолға алуын талап етті. Олардың үміті, Санта-Анна вице-президент Фриастың әкімшілігін ығыстырып, вице-президент пен оның жақтастарын Құрама Штаттарға қашуға ықпал етті, жаңа католиктік, орталық, консервативті үкімет құрып, 1824 жылы конституцияны «Жеті заң» деп аталған конституциялық құжатпен (1835 жылғы конституция) өзгертті. Санта-Анна Конгрессті босатып, үкіметті орталықтандыра бастады, басқарушылық тәртіп әскерилер қолдаған орталықтандырылған диктатураға айналды. 1835 жылы Мексика құрылымының жақтастары федерализм принципімен президент Антонио Лопес де Санта-Аннаның күшіне енген диктатуралық тәртібіне ашық көтерілісті бірден 11 штатта (Коауила-и-Техас, СанЛуисПотоси, Керетаро, Дуранго, Гуанахуато, Мичоакан, Юкатан, Халиско, НуэвоЛеон, Тамаулипас және Сакатекас) бастап кетті.
Осы штаттардың кейбірі Мексикадан өз тәуелсіздіктерін жариялап, өздерінің үкіметінің негізін қалады. Санта-Анна әскерін жинап, көтерілісті келістіруге ұмтылды.1835 жылдың 12 мамырында екі сағаттық қақтығыстан кейін мықты қарсыласы – барлық Мексика штатының көп әскерлі және жақсы жарақтанған Сакатекас штатының милициясының құрылымын (Франциско Гарсия басқаруымен) жеңуіне мүмкіндік туды. Санта-Анна 3000 тұтқынды қолға түсірді және өз әскеріне Сакатекасты 48 сағатқа тонауға мүмкіндік берді.Жеңіске жеткеннен кейін ол Коауила-и-Техас штатына қарай жылжуға шешімқабылдады.
Басқа мексикалық штаттар сияқты Мексиканың орталықтандырылған үкіметіне көңілдерінің толмағнын білдіріп Коауила-и-Техас штаты 1835 жылы көтеріліске шықты және 1836 жылдың 2 наурызында Техастан барлық мексикалық әскерге бірнеше рет тойтара соққы бере отырып, өз тәуелсіздігін жариялаған болатын.Санта-Аннаның басшылығымен алпысмыңңдық Техастағы әскер Техасты Мексиканың бақылауына алу мақсатымен солтүстікке қарай жылжыды. 23 ақпанда мексикалық әскер Бехарға кірді және Аламо миссиясында техасс әскерін тойтарды. 13 күндік қоршаудан кейін Санта-Анна 7 наурызда келетін болған ауыр қаруды қолдануды ұйғарды.
Үстемдік пен қуылу
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Америка-Мексика соғысы (1846—1848), қуғындағы өмірі мен өлімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жеке өмірі мен ұрпақтары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мәдениетте
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Гиперсілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Статья «Война в Мексике» на сайте «Art of War» (включает краткую биографию Санта-Анны)
- Цифровые фотокопии писем Санта-Анны на сайте «Портал техасской истории» (ағыл.)
- Биография Санта-Анны на сайте Historical Text Archive (ағыл.)
- Биография Санта-Анны на сайте The Handbook of Texas Online (ағыл.)
- Benson Latin American Collection — Antonio López de Santa Anna Collection Мұрағатталған 13 қарашаның 2005 жылы. (ағыл.)
- Цифровая копия книги 1879 года «A pictorial history of Texas, from the earliest visits of European adventurers, to A.D. 1879» на сайте «Портал техасской истории» (ағыл.)
- Биография Санта-Анны на сайте Archontology.org Мұрағатталған 10 ақпанның 2006 жылы. (ағыл.)
- Цифровая фотокопия письма 3 тамыз 1843 года Сэма Хьюстона Санта-Анне о пленных техасцах в Мехико на сайте Texas Tides Мұрағатталған 22 тамыздың 2006 жылы. (ағыл.)
- Краткая биография на сайте www.pbs.org (ағыл.)