Апокалипсис (фильм)
Апокалапсис | |
Апокалипсис | |
Режиссёрі |
Мел Гибсон |
---|---|
Шыққан жылы |
"Апокалипсис" (ағлш. Apocalypto, грек т. αποκαλύπτω - аш, кездестір, әшкереле) - 2006 жылы шыққан Мел Гибсонның фильмі. Фильмде XV ғасырдың соңында, Юкатанда болып жатады. Барлық диалогтар фильмде - юкатекс тілінде.
Түсірілім тобы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Таңбаланған тізім элементі
- Сценарий авторы: Мел Гибсон, Сафиниа Фархад
- Режиссёр: Мел Гибсон
- Оператор: Дин Семлер
- Композитор: Джеймс Хорнер
- Продюсерлері: Вики Кристиансон, Брюс Дэвей, Нед Дауд, Мел Гибсон, Фархад Сафиниа
Фильмнің өндірісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сюжет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Теңбілдің табаны деп аталатын жас аңшының джунглиде орналасқан шағын ауылға аушылар соқтығады. Теңбілдің табаны өзінің екіқабат әйелін және жас ұлын терең шыңырауға жасырып үлгереді. Жаулаушылар ауылды талқандайды және тұтқындыққа тіріде әкетеді. Қайтарда олар эпидемиядан қырылып қалған ауылда тірі қалған жалғыз қызды кездестіреді. Қыз көмек сұрайды, бірақ аламандар оны ұрып-жығады. Ол ашуға бой алдырып, оларға өлім және әлемдерінің ажалын тілейді. Тұтқындарды қарт-қариялардан басқа әйелдерді құлдыққа сатып, ерлерді құрбандыққа шалғалы жатқан Майя қаласына әкеледі. Аламандар қала халқы жиналған пирамидада абыздар тұтқындарды Кукулькану құдайға құрбандыққа шалады. Құрбандардың алқымды сөгіліп, әлі соғып тұрған жүректі суырады, ал кейін басын шауып, қан шашырататын денені пирамиданың баспалдақтарына лақтырады. Теңбілдің табанының кезегі келгенде жайма-шуақ тұтылу басталып, халыкты әбден шатыстырады. Жоғарғы абыз күннің қайта келерін біліп, Кукулькан құрбандармен толығымен разы және күн қазір оралады деп халқына хабарлайды. Бірнеше минуттан кейін күн қайтады халыктар діннің құдіреттілігіне таңданады. Жоғарғы абыз құрбандыққа шалмаған құрбандарды аламандарға тапсырады. Теңбілдің табанының және оның тірі тұқымдастарын жүгері жоғары өсе бастаған далаға әкеледі. Жаулаушылар оларды тең жібереді, даланы жүгіруге бұйырады және найза, тастарды, жүгірушілерде лақтыра бастайды. Соңына дейін жүгіріп шыққандар қалың жүгері қамыстарының ішінде бой тасалата алады. Жаралы Теңбілдің табаны қуғыншының тобының басшысының ұлын өлтіріп, бой тасалатады. Содан соң оның артынан құтырған қуғын басталады. Джунглилерде біртіндеп қуғыншылар оларға бұрын аурулы қыз айтқан ауыр соңменен өле бастайды. Сол кезде Теңбілдің табанының әйелі бой тасалатып жатқан сайды қатты жауын толтыра бастайды. Жүкті әйелінің босанулары басталып, сәби дүниеге келеді. Теңбілдің табанының отбасына шыңырауды толтырып жатқан жаңбырдың әсірінен қауіп туады. Теңбілдің табаны ғана отбасын құтқара алатын еді. Теңбілдің табанының артынан қуғын жалғасуда. Тірі қалған қуғыншылар соңында Теңбілдің табаның су жағасында ұстап алады. Әлі құрыған аңшы жерге тізерлей құлайды. Қуғыншылар өздерінің көздеріне өздері сенбей, тұрған жерлерінде қатып тұра қалады. Олардың көргендері оларды таңқалдырғаны сонша, олар тіпті өздерінің құрбанының ұмытады. Алдарында - конкистадорлардың алып желкенді кемелері және қарулы аламанмен, миссионерлермен жағаға беттеуші шлюпкалары. Көргендеріне таң қалған қуғыншылар теңбілдің табанын көзге ілмейді де. осы кезді пайдаланып Теңбілдің табаны олардан қашып, ауылға қайтады, өзінің әйелін және балаларын шыңыраудан босатып алады. Конкистадорлар да еш жақсылық әкелмесін сезіп ол отбасын джунглиге алып кетеді.
Кастинг
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Фильмнің түсірілімдері үшін Гибсон актерлерді Мехико және Юкатана немесе Канады және АҚШ индей халқының бұтақтарының шақырды. Режиссер үшін маңызды болғаны: кейіпкерлер абсолютті түрде месоамерикалықтарға ұқсас болуы. Түсірілімнің кейбір ең жас немесе қарт мүшелерінен Майяның тайпасының ұрпағы еді, олар юкатек тілінен басқа өзге тілде сөйлей алмапты, ешқашан биік ғимараттарды көрмепті де. Кейбір кезде негізгі рөлдерде ойнаған актерлерден басқа тағы да 700 адамға дейін қажет болды.
Костюмдер және визаж
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Түсірілім командасы құрамына визажисттерменен костюмерлердің үлкен тобы кірді. Олар негізінен актерлерге майя кейіпін беру үшін үлкен жұмыс атқарды. Альдо Синьоретти бастаған визажисттер тобы күніге барлық түскен актерлерге тыртықтардың, татуировкалардың суреттерін салған екен. Ал майяның қару-жарағын зерделеу үшін арнайы Симон Атертон шақыртылған болатын.
Сахнасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мел Гибсон бұл фильмді шынайы ғимараттар мен арнаулы орындарда түсіргісі келіп, компьютерлік графикадан бас тартты. Фильмдегі көптеген ғимараттар Томас Сандерстің еңбегі еді. Ол өзінің еңбегін осылай бекітті: біз шынайы майя әлемін көрсеткіміз келді, алайда деректі фильм ретінде емес. Біз көрерменнің үлкен толғанысын күткен едік. Біз тамаша фильм жасадық!
Түсірілімдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Гибсон фильмнің көп бөлігін мексикандық Веракрус штатындағы Сан-Андрес Тустла, Пасо де Овехас, Катемако муниципалитетінде түсірген болатын. Фильмде көрсетілген сарқырама Сан-Андрес Тукстлада орналасқан Salto de Eyipantla сарқырамасы еді. Түсірілімдері 2006 жылдың шілдесінде аяқату керек еді.
Жетістіктер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Номинациялар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Оскар сыйлығы (2007 жыл)
- Үздік дыбыс
- Үздік дыбыс өңдеуі
- Үздік грим
- Алтын глобус (2007 жыл)
- Шет тіліндегі үздік фильм
- BAFTA (2007 жыл)
- Шет тіліндегі үздік фильм