Арьен Роббен

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Арьен Роббен Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

23 қаңтар 1984 (1984-01-23) (40 жас)

Туған жері

Бедюм, Нидерланд

Азаматтығы

Нидерланд Нидерланд

Бойы

181

Салмағы

75

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтады

Клуб карьерасы[* 1]
2000—2002 Нидерланд Гронинген 46 (8)
2002—2004 Нидерланд ПСВ 56 (17)
2004—2007 Англия Челси 67 (15)
2007—2009 Испания Реал Мадрид 50 (11)
2009—2019 Германия Бавария (Мюнхен) 201 (99)
2020—2021 Нидерланд Гронинген 6 (0)
2000—2021 Барлығы карьерасында 426 (150)
Ұлттық құрамы[* 2]
2003—2017  Нидерланд 96 (37)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Арьен Роббен (23 қаңтар 1984 жыл, Бедюм, Нидерланд) — нидерландтық футболшы, шабуылшы. Нидерланд құрама командасының экс-ойыншысы. 2004, 2008, 2012 жылдары Еуропа чемпионатына, 2006, 2010, 2014 жылдары әлем чемпионатына қатысты. 2010 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2014 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2013 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының жеңімпазы, Нидерланд, Испания, Англия, Германия чемпионаттарында алтын жүлдегер атанған. 2013 жылы Клубтар әлем біріншілігі мен УЕФА Суперкубогын ұтып алды. "Челси", "Реал", "Бавария" секілді топ-клубтарда доп тепкен.

Балалық шағында "Бедюм", "Гронинген" клубтарының академиясында ойнады. 2000 жылы "Гронинген" сапында кәсіпқой карерасын бастады. 2000 жылы 3 желтоқсанда "Ваалвейк" клубына қарсы тұңғыш ойынын өткізді. Маусым соңында Роббен клубтың үздік ойыншысы атанды.

2002 жылы жазда ПСВ клубына ауысты, трансфер құны 3.9 млн еуроны құрады. Алғашқы маусымда клуб сапында 33 кездесуде алаңға шығып, 12 гол соқты. Матея Кежманмен тізе қосып ойнап, «Бэтмен және Роббен» деген лақап атқа ие болды. Клуб сапында Нидерланд чемпионы атанып, "Жыл таланты" номинациясын ұтып алды.

2004 жылы "Манчестер Юнайтед" жетекшілері Роббенді сатып алу үшін 7 млн еуро ұсынып еді, клуб "бұл ақшаға Роббеннің қолтаңбасы мен футболкасын ғана сатып алуға болады" деп келіспеді. Бірнеше күннен соң 18 млн еуроға "Челсиге" ауысты.

2004/05 жылғы маусым сәтті бола қоймады, Роббен маусым басында алған жереқатының кесірінен 18 рет қана Англия чемпионатында алаңға шықты. Келесі маусымда Роббен алты гол соқты да, клубтың чемпион атануына көмектесті.

2007 жылы жазда "Реалға" ауысты, Мадридтік клуб Роббен үшін 36 млн еуро төледі. "Реал" сапында өз отандасы Весли Снейдермен тізе қосып ойнады. Клубта мықты шабуылшылардың жетіп артылатынына қарамастан, Роббен алаңға жеткілікті түрде шығып тұрды. Ал 2008 жылы клубтан Робиньо кеткен соң негізгі рөлді Гонсало Игуаин екеуі атқарды.

2008 жылы желтоқсанда бапкер Бернд Шустер кетті де, орнына Хуанде Рамос келді. Бапкер ауысқан соң Роббен алаңға шығудан қалды.

2009 жылы жазда клубқа Криштиану Роналду мен Кака келді де, Роббен сатылымға шықты. Жаңа клуб тез табылды, "Бавария" төрт жылдық келісім шарт жасасты.

2009/10 жылғы Чемпиондар лигасында клуб финалға шықты, Роббен 10 кездесуде 4 голдың авторы атанды.

2012 жылғы Чемпиондар лигасының финалында Роббен матч барысында "Челси" қақпасына пенальти соға алмады, осы сәтсіздіктің кесірінен ойын пенальтилер сериясына дейін жалғасты да, "Бавария" ұтылып қалды. Клуб жанкүйерлері жеңіліске басты кінәлі ретінде Роббенді айыптаумен болды. Бірақ келесі жылғы маусымда клуб тағы да финалға шықты. Бұл жолы 89-минутта "Боруссия Дортмунд" қақпасына жеңіс голын соғып, "Бавария" 2:1 есебімен жеңіске жетті де, Роббен турнир қаһарманы атанды.

2019 жылы жазда карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.

2020 жылы жазда карьерасын қайта жаңғыртып, "Гронинген" футболшысы атанды.

2021 жылы 15 шілдеде Арьен Роббен футболшы мансабын қайта аяқтайтынын мәлімдеді.[1]

Ұлттық құрама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2003 жылы 30 сәуірде Португалияға қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет құрама сапында алаңға шықты.

2004 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты. Төрт кездесуде алаңға шықты да, турнирдің жартылай финалисі атанды.

2006 жылғы әлем чемпионатында құрама 1/8 финалда сүрінді. Роббен топтық кезеңнің бірінші турында Сербия және Черногория қақпасына ойын тағдырын шешкен жалғыз голды соқты.

2008 жылғы Еуропа чемпионатында топтыық кезеңде Францияның қақпасына бір гол соқты (4:1).

2010 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында жарақат алғанына қарамастан, турнирге қатысатын 23-тің қатарына қосылды. Тек үшінші ойында ғана Камерунға қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты. 1/8 финалда Словакия қақпасына екі гол соғып, құраманы жеңіске жетеледі. Жартылай финалда Уругвай қақпасына да бір гол енгізді. Ал финалда Испания қақпасына керемет мүмкіндікті соға алмады, нәтижесінде Нидерланд 0:1 есебімен ұтылып қалды.

2012 жылғы Еуропа чемпионатында құрама топтан шыға алмады. Роббен топтық турнирдегі үш ойынға да қатысты.

2014 жылғы әлем чемпионатының беташар матчында Испания қақпасына екі гол соқты, бұл ойында Нидерланд 5:1 есебімен жеңіске жетті. Екінші турда Аустралия қақпасына да бір гол соқты. Турнир қорытындысында Нидерланд қола жүлдеге ие болды.

2017 жылы 10қазанда құрама сапындағы соңғы ойынын Швецияға қарсы өткізді. Роббен бұл ойында екі гол соқты, соған қарамастан құрама 2018 жылғы әлем чемпионатынан тыс қалды.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Командалық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Нидерланд ПСВ

  • Нидерланд чемпионы: 2002/03
  • Нидерланд суперкубогы: 2004

Англия Челси

  • Англия чемпионы (2): 2004/05, 2005/06
  • Англия кубогы: 2006/07
  • Англия суперкубогы: 2005
  • Англия лига кубогы (2): 2004/05, 2006/07

Испания Реал Мадрид

  • Испания чемпионы: 2007/08
  • Испания суперкубогы: 2008

Германия Бавария

  • Германия чемпионы (8): 2009/10, 2012/13, 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2018/19
  • Германия кубогы (5): 2009/10, 2012/13, 2013/14, 2015/16, 2018/19
  • Германия суперкубогы (5): 2010, 2012, 2016, 2017, 2018
  • УЕФА Чемпиондар Лигасы: 2012/13
  • УЕФА Суперкубогы: 2013
  • Клубтар арасындағы әлем чемпионы: 2013

Нидерланд Нидерланд

  • Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 2004
  • Әлем чемпионатының финалисі: 2010
  • Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 2014
  • Нидерландтағы жыл таланты: 2003
  • Йохан Кройф жүлдесі иегері: 2003
  • Германиядағы жыл футболшысы: 2010
  • УЕФА Чемпиондар лигасының финалындағы үздік ойыншы: 2012/2013
  • Нидерландтағы жыл спортшысы: 2014

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]