Ауырлық күші
Ауырлық күші — жер бетіне жақын орналасқан кез келген материялық бөлшекке әсер ететін күш (Р); Жердің айналуымен шартталған центрден тепкіш инерция күші мен дененің Жермен гравитациялық әсерлесуінің қорытқы күші.[1]
Ауырлық күші (Р) Жердің тарту күші (F) мен оның тәуліктік айналуынан туатын центрден (орталықтан) тепкіш инерция күшінің (J) геометриялық қосындысына тең: Р = F+J. J күшінің полюстегі мәні нөлге, ал экватордағы мәні Р күшінің 1/288 бөлігіне тең. Сондықтан J күшінің үлесі тым аз болғандықтан, Ауырлық кұшінің шамасы негізінен Жердің тарту күші арқылы анықталады. Мөлшері Жер радиусымен салыстырғанда шағын аймақ үшін ауырлық күшінің бағыты Жердің белгілі бір нүктесіне түсірілген перпендикулярмен бағыттас.
Ал оның еркін түсу үдеуі (g) тұрақты шама болады. Бұл жағдайда ауырлық күшінің еркін түсу үдеуі (g) мен Жерге тартылатын дене массасының (m) көбейтіндісіне (mg) тең. Жер бетінен жоғары көтерілген сайын ауырлық күшінің шамасы да біртіндеп азая береді.[2]
Жұмысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауырлық күшінің жұмысы – дененің ауырлық центрі биіктігінің өзгерісін сол дененің салмағына көбейткенге тең.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
- ↑ Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |