Аэрограф

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Аэрограф

Аэрограф - сығылған ауаның жәрдемімен сыр-бояуларды тозаңдатып шашуға арналған прибор[1].

Матаның,қағаздың т.б. бетіне бояудан өрнек салу үшін,театр декорациялары мен үлкен форматты плакаттарды даярлау үшін,фотонегатив пен фотосуретті ретуштау үшін аэрографтың түрлі конструкциялары мен форматтары пайдаланылады. Сондай-ақ аэрограф үйдің қабырғаларын бояу-сырлау ісінде,техника әдебиеттердің суреттерін ретуштауда кең қолданылады.


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том