Ақ шымшық
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Ақ шымшық | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ақ шымшық
| ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Cyanistes cyanus (Pallas, 1770) |
Ақ шымшық (лат. Cyanistes cyanus) – торғайтәрізділер отрядына жататын отырықшы құс.
Ақ шымшық Ресей, Моңғолия, Орта Азияда және Қазақстанның Қызылорда облысынында кездеседі. Басы ақ, арқасы сұр, қанаттарының ұштары ақшыл. Қанаттары қоңырқай сұр. Алқымы мен жемсауы және төсі ашық сұр, бауыры ақ. Аналығының бауыры сарғыш жасыл. Қанаттарының ұзындығы 62,8 – 72 мм (аталығы), 61 – 68 мм (аналығы), салм. 12 – 14 г. А. ш. Тоғай, қамысты жерлерді, бұта тектес өсімдіктерді, бау-бақшаларды мекендейді. Ұясын ағаш қуыстарына салады. Ауа райының қолайсыз кезінде орын ауыстырады. Ақ шымшық орман, тоғай, бау-бақшаны бунақденелілерден тазартады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы
Бұл — орнитология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Cyanistes cyanus |