Бодуэн де Куртенэ
Бодуэн де Куртенэ (Baudouіn de Courtenay) Иван Александрович (13.3.1845, Польша, Радзымин — 3.11.1929, Варшава) — поляк ғалымы. Санкт-Петербург ғылым академиясының коор. мүшесі (1897). Жалпы және славян тарихи- салыстырмалы тіл білімінің ірі өкілдерінің бірі. Қазан лингвистика мектебінінің негізін салушы. Қазан (1875 — 83), Тарту (1883 — 93), Краков (1894 — 99), Санкт-Петербург (1901 — 18) ун-ттерінің профессоры. Өмірінің соңғы жылдарында Варшавада тұрған. Бодуэн де Куртенэ фонема nжәне дыбыс алмасуы теориясын жасады. Оның теориясының негізгі қағидалары 20 ғ-дағы фонетика мен жалпы тіл білімінің дамуына шешуші әсер етті. Тіл дамуының жалпы заңдылықтарын танып-білу үшін тегі әр түрлі тілдерді салыстыра зерттеудің қажеттігін ұсынды. Жеке тілдерді тарихи өзгеріп отыратын жүйе деп таныды. “Тіл туыстығы” деген ұғымға талдау жасады. Оның славян тілдеріне берген шолуының ғылыми мәні елеулі. В.И. Дальдың орыс тілі түсіндірме сөздігінің 3-басылуын редакциялап толықтырды. Бодуэн де Куртенэ Ресей өкіметінің отарлық саясатына қарсы шығып, Ресей империясындағы ұлттық езгідегі халықтарды азаттық күресте біріктіруге күш салған; қара Автономияшылдар одағы.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |