Борис Григорьевич Колкер
Борис Григорьевич Колкер (15 шілде 1939 ж., Тирасполь қаласында Молдова КСР-да дүниеге келген) - халықаралық Эсперанто тілінің оқытушысы және аудармашы, интерлингвист, эсперанто тілінде үш оқыту кітабының шығармашысы. Ресей және Кеңес Одағының азаматы, 1993 жылдан бері АҚШ азаматы, Кливленд, Огайо штаты.
Эсперанто тілін 1957 жылдан бері оқыған, интерлинвгистикаға арналған мақалалардың авторы, әйгілі эсперанто тіліндегі кітаптардың авторы. Интерлинвгистика саласының докторы, диссертациялық жұмысының тақырыбы эсперантологияға арналған. Vojaĝo en Esperanto-lando (Эсперанто жеріне саяхаты) эсперанто тілін жетік білітіндерге эсперанто мәдениеті мен тарихы туралы сыр шертетін кітабының арқасында ол эсперантоның жол сілтеушісі деген атаққа ие болған.
Колкер Эсперанто Академиясының мүшесі, Дүниежүзілік Эсперанто Қауымдастығының (Universala Esperanto-Asocio) сыйлы мүшесі, "Monato" атты журналдың көмекші редакторы. Жиырма жылдан астам уақыт ішінде Борис Колкердің Ресейде корреспонденттік эсперанто курсын 900-дей адам бітірді, бұл курста Қазақстаннан да қатысқандар бар. Сонымен қатар Сан-Франциско мен Хартфорд университеттерінде эсперанто тілінен дәріс оқыған.
Қазірде ол Интернационалды Квалификациондық Корреспонденттік Эсперанто курсын басқарады, және Интернационалды Эсперанто Оқытушыларының Лигасының (International League of Esperanto Instructors) (ILEI) Бағалау Комитетінің вице-президенті. Кезінде Кеңес Одағында және Ресейде эсперанто негізін салушы және жетекшісі болған, 1975 жылы Қазақ КСР-да Жас Эсперантистер Одағында қатысты.
Диссертациялық жұмыс
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Эсперантоның пайда болуы мен дамуына орыс тілінің қосқан үлесі (rus. Вклад русского языка в формирование и развитие эсперанто.). Мәскеу: ҚСРО Ғылымдар Академиясы, Тіл білімі институты. 1985. Лингвистика докторының диссертациялық жұмысы
Оқу кітаптары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- "Учебник языка эсперанто. Основной курс."" (Эсперанто тілінің оқу кітабы. Базалық курсы).
- "Эсперанто за 16 дней. Экспресс-курс." (Эсперанто 16 күн ішінде. Экспресс курс).
- "Международный язык эсперанто. Полный учебник. Мұрағатталған 22 қарашаның 2010 жылы." (Халықаралық эсперанто тілі. Толық оқу құралы).
- "Vojaĝo en Esperanto-lando. Мұрағатталған 16 қазанның 2007 жылы." (Эсперанто жеріне саяхат. Эсперанто тілін жетік білітіндерге Эсперанто мәдениеті мен тарихы туралы сыр шертетін кітап).
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Boris Kolker |
- 15 шілдеде туғандар
- 1939 жылы туғандар
- Тираспольде туғандар
- Молдова мемлекеттік университеті түлектері
- КСРО лингвистері
- Ресей лингвистері
- Молдавия лингвистері
- АҚШ лингвистері
- Эсперанташылар
- Тілдерді жасаушылар мен насихаттаушылар
- Кишинев тұлғалары
- Уфа тұлғалары
- Бирск тұлғалары
- Кливленд тұлғалары
- АҚШ-тағы төртінші толқын орыс эмигранттары
- Эсперанто оқытушылары