Важа Пшавела

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Важа Пшавела
Лука Павлович Разикашвили
Лақап аты

Лука Павлович Разикашвили

Туған күні

26 шілде 1861 (1861-07-26)

Туған жері

Душет уезі, Чаргали ауылы

Қайтыс болған күні

10 шілде 1915 (1915-07-10) (53 жас)

Қайтыс болған жері

Тбилиси

Ұлты

Грузин

Важа Пшавела (груз. ვაჟა-ფშაველა — Лука Павлович Разикашвилидің (груз. ლუკა პავლეს ძე რაზიკაშვილი) лақап аты; 26 маусым 1861 ж., Чаргали — 10 маусым 1915 ж., Тбилиси) — 19 ғ-дың атақты грузин жазушысы және ақын[1], грузин әдебиетінің классигі, Бачана Разикашвилидің үлкен ағасы.

Дін қызметкері отбасында туған. Телав діни училещесін бітірген. Гори мұғалімдер семинариясында оқып жүріп, грузин халықшылдарымен жақындасқан. Ауылдық мектептің мұғалімі болған. Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне еркін тыңдаушы болып түсті. Бірақ оқуға қаражаты болмағандықтан, 1884 ж. еліне қайтты. Важа Пшавела әдебиетке 80 жылдардың орта шенінде араласты. 36 поэма, 400-ге жуық өлең, бірнеше пьеса, көптеген әңгімелер, этнографиялық, публицистикалық және әдеби-сын мақалалар жазды. Ол буржуазилық қоғамның алаяқтары мен патша өкіметінің итаршыларын аяусыз шенеді. 1905 ж. бірінші орыс революциясын үмітпен қарсы алды. Алайда Важа Пшавела шығармаларының идеялық жағынан көп қайшылықтары болды.Ақын патриархтық-рулық қоғамды дәріптеді.

Ол өз дәуіріндегі әлеуметтік күресті, халықтың ұлттық мақсат мүддесін, тілек-мұратын терең ашып көрсете алмады. Важа Пшавела поэмаларының көпшілігі тау халықтары өміріндегі ерлік хикаяларға құрылған. "Алуда Кетелаури", "Бахтриони", "Қонақ пен қожайын", "Жыланқор" поэмаларының тақырып өзегі - Отан мен халыққа деген сүйіспеншілік, еркіндіті аңсау. Ол табиғат құбылыстарын шебер бейнелейді. Важа Пшавела шығармалары орыс ақындарының В.Державин, Б.Пастернак, С.Спаский т.б. аудармалары арқылы совет халқының иілігіне айналды, шетел тілдеріне де аударылды.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Гацерелиа А. К. Важа Пшавела. БСЭ, 1969-1978. Яндекс. Басты дереккөзінен мұрағатталған 4 қараша 2012. Тексерілді, 22 қазан 2012.
  2. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 8 том