Вильгельм Пик

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

ПИК (Pieck) Вильгельм (3.1.1876, Губен - 7.9.1960, Берлин) – герман және халықтар, жұмысшы қозғалысының қайраткері, ГДР-дің партия және мемлекеттік қайраткері, 1895 жылдан Германия с.-д. Партиясының (ГСДП) мүшесі.

ГСДП (К. Либкнехт, Р. Люксембург, Ф. Меринг, К. Цеткин басқарған) сол қанатының өкілі.

Атқарған қызметі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1918 жылы “Спартак одағы “ орталық басшылығының құрамына кірді. Германияда 1918 жылы Қараша революциясын әзірлеуге белсене қатысты. Германия коммунистік партиясының (ГКП) негізін салушылардың бірі. 1919 жылы ГКП ОК-ге мүше болып сайланды. Партияның марксистік-лениндік ядросының өкілі ретінде Э. Тельманмен бірге оңшыл оппортунистік Э. Брандлер тобымен, кейін “әсіре солшылдармен” дәйекті күрес жүргізді. 1921 жылдан талай рет Пруссия ландтағына, 1928 жылдан герман рейхстағына, 1929 жылдан берлин муниципалдық, прусс мемл. советтеріне сайланды. 1928 ж. Коминтерн Аткомының (КИАК), 1931 жылы КИАК Президиумы мен Секретариатының мүшесі болып сайланды.

Фашизмге қарсы күрескер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Германияда фашизмдік диктатура орнағаннан кейін (1933) фашизмге қарсы бір тұтас күрес майданын құру жолында күресті. ГКП ОК-ның ұйғарымымен, 1933 ж. майда Германиядан кетіп, Парижде ГКП-ның шетелдік басшылығын (Ф. Далем, В. Флоримен бірге) құрды. 1935 ж. ГКП-ның Брюссель конференциясында ГКП ОК-нің председателі болып сайланды.

2-дүниежүзілік соғыс (1939-45) кезінде герман империализімінің дүние жүзінде үстемдік орнатуға ұмтылған әрекетін әшкерледі, неміс халқын фашизмдік диктатураны құлатып, өз тағдырын өз қолына алуға шақырды. Неміс халқы фашизімнен азат етілгеннен кейін Германияны демократияландыру, фаш. үстемдіктің зардабын жою жөніндегі жұмысқа белсене қатысты. Жұмысшы қозғалысынжағы жікшілдікті жою, ГКП мен Германияныңшығыс бөлігіндегі ГСДП-н біріктіру жолында күресті. 1946-54 жылы Германияның социалистік Біртұтас партиясы (ГСБП) председательдерінің (О. Гротевольмен бірге) бірі. 1949-60 ж. Орт. басқарма Саяси бюросының мүшесі, кейін ГСБП ОК Саяси бюросының мүшесі. Герман демократиялық Респ. құрылған күннен (1949 ж. қазанда) бастап П. оның президенті болды. ГДР-де социализм орнату, ГСБП мен КОКП, ГДР мен КСРО халықтары арасында достық ынтымақты нығайту жолында, бейбітшілік, халықтардың қауіпсіздігі жолында және соғысқа қарсы қажырлы күрес жүргізді.Ол 1960 жылы 7 қыркүйекте Берлин қаласында дүниеден озды.

Марапаттаулар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Оған Еңбек Ері атағы берілді. Карл Маркс, “Отан алдындағы еңбегі үшін”, “Еңбек Туы” т. б. ордендермен марапатталды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энцеклопедиясы