Гүлсім Төлегенқызы Ақтамбердиева

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Гүлсім Төлегенқызы Ақтамбердиева - 1956 жылы 3 қарашада Жамбыл облысында туған.

1978 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ді бітірген, математик.

  • 1978-85 жылдары - ҚазКСР Орман өнеркәсібі министрлігінің ОЖКТБ қатардағы және аға инженер-програмисі.
  • 1985-95 жылдары - Қаз-МӘТУ ақпараттық технологиялар аға оқытушысы.
  • 1995-97 жылдары - ЮСАИД-тың «Қазақстан мен Қырғызстандағы шағын жекешелендіру» жобасының бизнес-менеджері.
  • 1996-97 жылдары - ЮСАИД-тың «Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстандағы бухгалтерлік есеп реформасы» жобасының кеңесшісі, топ жетекшісі.
  • 1997 жылдан - «КАРАНА» корпорациясының Орталық Азия филиалының бас директоры; Дүниежүзілік Банкінің «Қазақстандағы зейнетақы реформасы» және «Тәжікстандағы жекешелендіру және жеке меншік секторының дамуы» жобалары жетекшісінің орынбасары.
  • 2005 жылдан - «СТК2 Сеntral Аsіа» компаниясының директоры, негізін қалаушы.

Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының мүшесі. Біріккен Әлем колледждерінің қазақстандық іріктеуші комитетінің президенті.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X