Ева Тофалви
Ева Тофалви | |
Жалпы мәлімет | |
---|---|
Шынайы есімі |
маж. Еva Tоfalvi |
Лақап аты |
Красотка |
Туған күні |
4 желтоқсан 1978 (45 жас) |
Туған жері | |
Клубы |
А.С.А-М. ЦИУК |
Бапкері |
Саймон Мартон |
Бойы/Салмағы |
172 / 61 |
Мамандығы |
клерк |
Білімі |
Physic Education and Sport Faculty |
Титулдары | |
Әлем кубогы |
1 |
Әлем кубогы, жеке жарыстар |
2 (2008/09) |
Ева Тофалви ( маж. Еva Tоfalvi; 4 желтоқсан 1978 жыл Меркурий-Чук, Румыния) — Румыниялық биатлоншы, 6 қысқы Олимпиада ойындарында (1998, 2002, 2006, 2010, 2014, 2018) биатлон бойынша жарыстарға қатысқан жалғыз әйел. Румынияның бірнеше дүркін чемпионы, Әлем кубогының бір кезеңінің жеңімпазы, IBU кубогы кезеңдерінің жүлдегері, 2005 жылғы әскерилер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері.
Спорттық мансабы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ева Тофалви биатлоннан Румыния әйелдер құрамасының көшбасшысы болды, алты қысқы Олимпиадаға қатысушы. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттарында ол әлем кубогының кезеңдерінде жақсы нәтиже көрсетті.
Ол 1997 жылы 9 қаңтарда Германияның Руполдинг қаласында жекелей жарыста (1996-1997 ж.) алғаш рет қатысып 75-нәтиже көрсетті (румын спортшылары арасында 2). 1997 жылы 11 желтоқсанда – Швецияның Эстерсунд қаласында өткен 1997-1998 жылдардағы әлем чемпионатының 2-кезеңінде жекелей жарыста 29-орынға енді.
1998 жылы алғашқы Олимпиада ойындарында ол жекелей жарыста 11-болды. 1999 жылы әлем чемпионатында ол 12-болды.
Ол алғаш рет 2008 жылы 18 желтоқсанда Аустрияның Хохфильцен қаласында өткен 2008-2009 жылдардағы әлем кубогының 3-ші кезеңінде жекелей жарыста алғашқы жеңісіне жетті. Бұл Румынияның бүкіл биатлон тарихындағы ең жоғары жетістік.
Ванкувер Олимпиадасында бапкерлер Тофалвиден үлкен үміт күтті. Алайда, жаңа маусымда жарақат алуына байланысты жетістікке жете алмай, соған қарамастан ол жекелей жарыста 11-ші, ал жаппай жарыста 24-ші орын алды. Олимпиада эстафетасында Румыния құрамасы 10-орынға ие болды. Ол Магдалена Нойнермен қоштасу жарысына қатысып, 3-ші орынға ие болды.
2017 жылдың наурыз айында Тофалви өзінің жиырма жылдық спорттық мансабын аяқтағанын хабарлады.[1][2][3]
Ең үздік 10-Топ нәтиже
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 2008 Хохфильцен Әлем кубогы 1-орын;
- 2001 Поклюка Әлем чемпионаты 6-орын;
- 2008 Остерсунд Әлем кубогы 6-орын;
- 2009 Пхенчхан Әлем чемпионаты 7-орын;
- 2015 Нове-Место Әлем кубогы 7-орын;
- 2009 Ванкувер Әлем кубогы 7-орын;
- 2008 Антхольц-Антерсельва Әлем кубогы 8-орын;
- 2009 Тронхейм Әлем кубогы 9-орын;
- 2009 Оберхоф Әлем кубогы 9-орын;
- 2008 Хохфильцен Әлем кубогы 9-орын.[4]
Соңғы 5 жарыстың нәтижелері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 20 қаңтар 2018 ж. - Антхольц-Антерсельва, Италия 54-орын;
- 18 қаңтар 2018 ж - Антольц-Антерсельва, Италия 43-орын;
- 11 қаңтар 2018 ж - Рупольдинг, Германия 92-орын;
- 04 қаңтар 2018 ж - Оберхоф, Германия 73-орын;
- 14 желтоқсан 2017 ж - Анси, Франция 92-орын.[5]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Тофалви, Ева. Тексерілді, 17 сәуір 2024.
- ↑ Тофалви, Ева. Тексерілді, 17 сәуір 2024.
- ↑ Танымал адамдардың өмірбаяндары.. Тексерілді, 17 сәуір 2024.
- ↑ Ева Тофалви. Тексерілді, 17 сәуір 2024.
- ↑ Биатлон/Ева Тофалви (Tofalvi Eva). Тексерілді, 17 сәуір 2024.