Жабир ибн Хайян

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Абу Абдаллах Джабир ибн Хайян ад-Азди ас-Суфи
جابر بن حيان
Туған күні

721 (0721)

Туған жері

Тус, Араб халифат

Қайтыс болған күні

815 (0815)

Қайтыс болған жері

Әл Куфа, Араб халифат

Ғылыми аясы

алхимия, медицина, фармацевтика, математика, астрономия

Әбу Абдуаллаһ Джабир ибн Хайян ад-Азди ас-Суфи (араб.: جابر بن حيان‎; Тус, 721 шамасы, — Эль-Куфа, 815 шамасы) - Еуропада Гебер (Geber) атымен белгілі араб ғалымы, дәрігер, математика, алхимия, философия т.б. ілім салаларынан жазған көп ғылыми еңбектері бар. Әкесі Хайан ад-Азди Йеменнен шыққан фармацевт болған.

Көптеген шығармаларының ішінде алхимия жөніндегі кітаптары көбірек пайдаланылған. Олардың маңыздысы тек 1927-29 ж. Каир, Стамбул кітапханаларында араб қолжазбаларынан табылған. Жабир ибн Хаиян өз заманында әр түрлі заттарды алу және тазарту тәсілдерін толық жазған:еру, кристалдану, айдау, сұйылмай булану т.б., сонымен қатар көптеген хим.препараттар алу әдісін (мысалы, азот қышқылы, азот қышқыл күміс, мұсатыр, алмас), матаны бояуды т.б.түсіндірді. Ол тәжірибеге үлкен мән беріп, теорияы да жоғары бағалаған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998