Жак Адамар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту


Jacques Hadamard

Jacques Salomon Hadamard
туған 1865 ж. желтоқсанның 8 (1865—12—08) (158 жас)
Versailles, Франция
Қайтыс болды 1963 ж. қазанның 17 (97 жаста)
Париж, Франция
Тұратын жері Франция
Ұлты Француз
Салалары Mathematician
Институттары University of Bordeaux
Sorbonne
Collège de France
École Polytechnique
École Centrale
Alma mater École Normale Supérieure
Doctoral advisor C. Émile Picard
Jules Tannery
Doctoral students Maurice René Fréchet
Paul Lévy
Szolem Mandelbrojt
André Weil
Xinmou Wu
Еңбегі үшін танылған Hadamard product
Proof of prime number theorem
Hadamard matrices
Notable awards Grand Prix des Sciences Mathématiques (1892)
Prix Poncelet (1898)
CNRS Gold medal (1956)
Religious stance Atheism[1]

Жак Соломон Адамар (1865 жылы 8-желтоқсан Версал -1963 жылы 17-қазанда Париж) - Француз математигі. 1888 жылы Париж жоғары педагогикалық университетін бітірген, Париждегі Бупен мектебінде, Бардоли институтында және Париж жаратылыс таныу академиясында қызметтер атқарған. 1909 жылдан өмірінің соңына дейін Франс институтында оқытушылықпен айналысқан. 1912жылы Франция ғылым академиясының академигі болып сайланған, ол сонымен қатар бұрынғы КСРО, Америка, Англия, Италия сынды мемлекеттердің ғылым академиясының академигі және корольдіқ ғылыми бірлестіктің мүшесі әрі көптеген мемлекеттердің құрметті докторы болған. Ол ең алдымен А.‐кошыйдың талдау (analysis) саласындағы аймақтық назариясын жалпы жағдайға дейін кеңейтті. Өзінің докторлық диссертациясы «Тейлор қатарымен анықталған функциясының аналитикалық ашылуында»(1892) бірінші рет жиындар теориясын комплекс анализ теориясына енгізеді, әрі қайтадан қарапайым түрде Кошыйдың жинақталыу радиусы туралы нәтижені дәлелдейді, және де тақ нүктелердің жинақталу шеңберіндегі орынын және қасиетын жан-жақты зерттеу арқасында жинақталу шеңберінің сыртының аналитикалық ашлыуын одан да ары нақтылай түседі. Бұл еңбектер әлікүнге дейін комплекс анализ теориясының негізгі мазмұны болып саналады. Ол және өзінің шәкірті S-Мандерболоймен бірлесе жазған «Тейлор қатары және оның аналиктикалық ашылуы» (1901) атты кітабы классиялық еңбек болып саналады. Ол функцияның ең үлкен модулын зерттеу барысында атақты үш шеңбер теоремасын байқайды әрі оны бүтін функцияның (integral function) Тейлор қатарының коэффициентінің ең үлкен модулының біртіндеп кемуімен осы функцияның қатарларының арасындағы байланысқа қолданып, Ж. Пуанкаре (Jules-Henry Poincare 1854~1912) нәтижесін аяқтап, 1892жылғы Франция ғылым академиясының силығын жеңіп алады. ол тағыда Риманның (Georg Fridrich Bernhard Riemann 1826-1866) ξ функциясының 0 екінін есептеп (1896), Риман жорамалының шешілуіне үлесін қосады. Жәй сандар теоремасын яғыный дәлелдеп, аналитикалық сандар теориясының (analytic number theory ) негізін қалады.

Нақты сандар көлемінде оның еңбегі тұрақты коэффициентті дифференциалдық теңдеулердің тұрақтылығы туралы, функциялық анализ, екінші ретті сызықтық дифференциалдық теңдеулердің шешімдерінің тұрақтылығы туралы және сұйық денелердің күш ұғымы туралы болды. Тұрақты коэфициентті дифференциалдық теңдеулер де, ол ұқсамайтын тәсілдер арқылы А.М.Ляпуновтан (Александр Михайлович Ляпунов Alexander. M.Liapunov 1857-1918) кейін дербес дүрде тұрақтылық туралы нәтижені дәлелдеп шықты. Пуанкаредің тұрақтылық назариясы тұрақты коэффициентті дифференциалдық теңдеулердегі Кошидің мәселесінің аймақтық нәтижесін жалпы жағдайға дейін кеңейтті. Адамард бұл кеңейтудің мүмкін болуының себебі Э.Галуанің (E.Galios 1811-1832) топтар арқылы алгебралық теңдеулерді шешуіндегі идеясын Пуанкаредің қолданыуының түріткі болуы деп есептеген. Мұндай ой оның функциялық анализға назар аударуына көп әсерін тигізген. Оның сызықты функциядағы бейнелеу туралы мәселесіндегі қортындысы, рисз (Frigyes Frèdèric Riesz 1880-1956) теоремасының дәлелденілуінің алғы шарты болды. Оның 1908 жылғы функцияның дифференциалдық қалдығы туралы мақаласы Франция ғылым академиясының сыйлығын алған, ол осы мақаласында болатын Грин функциясының (George Green 1793~1841) бір сызықты емес интегралдық теңдеуінің маңызды нәтижесін алады, ол бұл теңдеудің шегера S пен қатысты екекініне байқайды. 1920 жылы функционалдық талдау жиынында жасаған «функционалдық талдаудың ғылымда қолданылуы» атты баяндамасы маңызды мақалалардың бірі болып саналады. Оның анықтауыштар туралы теоремасы Е.І.Фредколымны Erik lvar Fredholm (1866-1927) дәлелдеуінде маңызды орын алады. Оның сұйық денелердің күшін зерттеу жағындағы еңбегі негізінен «толқынның таралыуы» атты кітабында көрінеді. Кітапта ол тұрақты шешім мәселесі арқылы толқын ұғымын енгізудің маңызын айтады. Гилберт (David Hibert 1862-1943) үлкен еңбігіндегі лейбір мәселелерді қарапайымдастырып және толықтырды, мінездемелік теориясын жан жақты зерттеп талдау жасау арқылы теңдеулер жүйесі мен жәй теңдеулердің түбірінен ұқсамайтынын түсіндіріп береді. Соңғы қосымшасында сұйық денелердің сырғанауы мүмкін екенін көрсетеді. Бұл еңбектер соңғы кездегі газдің механикасының зор көлемді зерттелуне әсер етті.

  1. Дереккөз қатесі: Жарамсыз <ref> тегі; no text was provided for refs named atheist