Жанат тұқымдасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Жанат тұқымдасы
Қазбалық ауқымы: 20–0 Ma Төменгі миоцен to Holocene
жанат
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Ықшам табы: Ұрықжолдастылар
Сабы: Жыртқыштар
Кіші сабы: Иттәрізділер
Ұлы тұқымдасы: Musteloidea
Тұқымдасы: Procyonidae
Джон Эдуард Грей, 1825
Тектері

Angustictis
Bassariscus
Probassariscus
Edaphocyon
Arctonasua
Cyonasua
Amphinasua
Chapalmalania
Protoprocyon
Paranasua
Procyon
Nasua
Nasuella
Bassaricynoides
Parapotos
Bassaricyon
Potos

Жанат тұқымдасы (лат. Procyonidae) – сүтқоректілер класына жататын жыртқыш аңдар.


Бұлар негізінен Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Америкада, Оңтүстік-Шығыс Азияда тараған. 8 туысы, 15 түрі бар. Көпшілігінің дене тұрқы ұзынша келген (30 – 120 см, ал алып панда – 180 см-дей). Салмағы 1 – 160 кг-ға дейін. Құйрығының ұзындығы 20 – 70 см. Аяқтары қысқа, бес башайлы, тырнақтары жиырылғыш, табанын толық не жартылай басып жүреді. Қылшықты түктері қалың, құйрығы ұзын (алып пандадан басқасы), көпшілігінің қара жолақтары болады. Кейбір түрі ағашқа жақсы өрмелейді. Ал кинкажу құйрығымен жармасып, бар тіршілігін ағаш басында өткізсе, алып панда тек жерде ғана жүреді. Бұлар жәндіктер, бақа, шаян, түрлі кемірушілермен, сондай-ақ жеміс-жидек, шошқа жаңғақ, т.б. өсімдіктермен қоректенеді. Қар түсісімен қысқы ұйқыға кетеді. Жылына бір рет 1 – 8-ден (көбіне 2 – 4) күшік табады. Бір жасында жыныстық жағынан жетіледі. Жанат тұқымдасының терісі бағалы бір түрі – жанат (Procyon lotor) – Қазақстанға 1930 жылдардың аяғында әкелініп, Оңтүстік Қазақстан облысында Піскем өзенінің бойындағы жаңғақты-жидекті орманда жерсіндірілген. Оның дене тұрқы 41 – 60 см, құйрығының ұзындығы 20 – 40 см-дей, салмағы 7 – 8 кг. Басы, көзі үлкен, тұмсығы қысқа. Жүні қалың, сарғылт сұр, қара қошқыл. Күндіз ініне не ағаш қуыстарына паналап, түнде қорегін аулайды. Қысқы ұйқыға жатады. Қорек талғамайды. Түрлі жәндік, өсімдікпен де қоректене береді. Ақпаннаурыз айларында ұйығып, жылына бір рет 2 – 8-ден (көбіне 3 – 6) күшік табады. Түрлі ұсақ кеміргіштермен қоректеніп, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылықтарына пайда келтіреді. Жанат бағалы терісі үшін ауланады. Оның терісі өте берік және жылы, одан әйелдерге тон, ұшқыштардың сырт киімі (комбинезон) тігіледі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы