Жару жұмыстары
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Жару жұмыстары — халық шаруашылығында жарылғыш заттарды жару нәтижесінде пайда болатын қуатты қолданудың кешенді процестерін қамтитын техниканың саласы.[1].
Жару жұмыстарын инженерлік әскер бәлімшелері немесе әскер түрінің арнайы дайындалған командалары орындайды. Олар:
- мина жарылғыш бөгеттер мен жарылмайтын инженерлік бөгеттер орнатуда,
- сонымен қатар оларда өтпелер жасауда;
- қарсыластың әр түрлі қорғаныс кұрылысын бұзу үшін;
- әскери маңызы бар объектілерді (көпірлер, жолдар, аэродромдар) қарсыластың өз мүддесіне пайдалану мүмкіндігінен айыру максатында жылдам қирату үшін;
- фортификациялық жұмыстар өндірісін жеделдету және жеңілдету үшін жер және жартас жыныстарын қопаруда;
- үйінділер мен қирауларды тазалауда, тағы басқа мақсаттарда қолданылады.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Сәулет және құрылыс / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ, 2006. - 280 6.ISBN 9965-808-83-Х
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |