Жүрек жетіспеушілігі
Жүрек жетіспеушілігі деп тіндердің дұрыс жұмыс атқаруына қажет заттармен қамтамасыз ету және зат өнімдерін шығаруға негізделген қанайналым аппаратының (соның ішінде жүрек) өзінің жұмысын атқара алмауын айтады[1], тіндердің метаболиттік қажеттелігін қанағаттандыру үшін керекті қан көлемінің азаюы жүректің қамтамасыз ете алмауынан туатын патологиялық процесс.
Түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Пайда болу жылдамдығына қарай: жедел және созылмалы.
- Жедел түрі – миокард инфарктісі, митралды және аорта қақпақшалардың жетіспеушілігі, сол қарынша жарылуы.
- Созылмалы – біртіндеп басталады.
Жүрек бөлімдерінің зақымдалуына байланысты:
- сол қарыншалық
- оң қарыншалық
Сол қарыншалық Жүрек жетіспеушілігі (СҚЖЖ) – сол қарыншаға (а.стенозында) көп күш түскенде, немесе оның жиырылу функциясы төмендегенде пайда болады (миокард инфарктінде) сол кезде мынадай жағдай пайда болады, үлкен қан айналымына түсетін қан азаяды, сол жүрекше кеңейіп, кіші қан айналымында қан іркілісі болады. СҚЖЖ:
- Систолалық,
- диастолалық болады.
Оң қарынша Жүрек жетіспеушілігі (ОҚЖЖ) – оң қарыншаға көп күш түскенде (өкпе артериясының саңылауы тарылғанда), немесе өкпелік гипертензияда, яғни кіші қан айналым шеңберінде қан іркілісі болғанда.
Жедел жүрек жетіспеушілігі — жүректің насостық қызметінің бірден нашарлап, ағзаның қанмен қамтамасыз етілмеуі.
Жедел жүрек жетіспеушілігінің негізгі себептері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Миокард инфарктісі (үлкен көлемді, жарылу).
- Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің декомпенсациясы (тиімсіз ем, қосымша аурулар).
- Аритмия (қарынша үсті, қарыншалық тахикардия, брадикардия, экстрасистолия, блокадалар).
- Қан ағуына кедергілер (аорта саңылауының стенозы, митральды саңылауының стенозы, гипертрофиялық кардиомиопатия, ісіктер, тромбылар).
- Қақпақша жетіспеушілігі – митральды, аортальды.
- Миокардиттер.
- Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
- Өкпе текті жүрек.
- Артериальды гипертензия.
- Жүрек тампонадасы
- Жүрек жарақаты.
Жүректен айдалатын қан көлемінің жоғарылауымен өтетін Жүрек жетіспеушілігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Анемия.
- Тиреотоксикоз.
- Жедел гломерулонефрит + АГ.
- Артериовенозды фистула.
Клиникасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жедел жүрек жетіспеушілігінің 3 клиникалық көрінісі бар.
- жүрек демікпесі
- өкпе сусінділенуі
- кардиогенді шок[2]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Созылмалы жүрек жетіспеушілігі Ақпарат көзі: http://kazmedic.kz/archives/1003 Материал көшіргенде, KazMedic.kz сайтына сілтеме міндетті. KazMedic.kz.
- ↑ Айтбембет Б.Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы. Алматы:"Кітап"баспасы.2005ж.-568бет.
|