Жұлдыз топологиясы
"Жұлдыз" топологиясы (Топология "Звезда"; «star») — есептеу желісінің қалған түйіндерінің әрқайсысымен мәлімет тасымалданатын жеке желі арқылы байланысқан орталық түйіні бар сызба-құрылым. Орталық түйінді кейде мультиплексор, көп портты қайталауыш немесе шоғырлауыш деп атайды. Оған жұмыс бекеттерінің арасында байланыс жасау міндеті жүктелген. Бұзылған түйінді есептеу желісінің құрамынан шығарып тастау мүмкіндігі осы құрылымның ыңғайлы жағы болып табылады. Бірақ, егер орталық түйін бұзылса, онда барлық есептеу желісі жұмыс істей алмайды. Мысалы, Ethernet (10Base-T), Fast Ethernet жергілікті желілері.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |