Иван Александрович Фомин
Иван Фомин | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Орёл |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Мәскеу |
Фомин Иван Александрович (03.02.1872, Орёл,-12.06.1936, Мәскеу)- совет архитекторы. Петербург Көркемсурет академиясында Л. Н. Бенуадан оқыды (1894-97 және 1905-09). Революциядан бұрынғы еңбектерінде (бұрынғы А. А. Половцев пен С. С. Абамелек-Лазаректің үйлері) орыс архитектурасындағы классицизм принциптерін ілгері дамытты. И. Э. Грабарьдың редакторлығындағы «Орыс өнері тарихын» шығарысуға қатысып, «Архитектура тарихы көрмесін» ұйымдастырды (1911). Совет өкіметі орнағаннан кейін жаңа ғимараттар тұрғызу және мекемелер ұйымдастыру, сондай-ақ архитектура конкурстарына белсене араласып әрі пед. Қызметпен шұғылданды (Ленинградтағы Көркемсурет академиясында ұстаздық етті. Шәкірттері: А. И. Гегелло, Е. А. Левинсон, В. О. Мунц). Қарапайым әрі байсалды композициялық тәсіл, көз тартар айқын форма мен монументтілік- Ф. Еңбектеріне тән қасиет. Таңдаулылары: Мәскеудегі «Динамо» қоғамының бұрынғы үйі (1928-30), Моссовет ғимаратының жаңа корпусы (1929-30) мен метрополитеннің «Қызыл қақпа» ст. (1932, қазіргі «Лермонтов» ст.), Киевтің УССР Мин. Советтің ғимараты (1934-36; арх. П. В. Абросимовпен бірге).
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақ энциклопедиясы