Карабин
Карабин (фр. carabine) — ұңғысы қысқа, винтовканың жеңіл түрі. Жай винтовкадан ұңғысының қысқалығымен ерекшеленеді, осыған орай карабиннің баллистикалық қасиеттері мен оғының бастапқы жылдамдығы да төмен. Карабин алғаш 15 ғасырда шыққан. Алғашында бір зарядты ұңғысында тұзу ойыктары бар карабиңдер болса, кейінірек бұрама ойықты және тегіс ұңғылы карабиндер пайда болды. 19 ғасырдын аяғында оқжатарлы (көп зарядты) карабиндер шығарылды. Онымен көбінде атты әскер мен артиллерияның жеке құрамы қаруланды. Кеңес Армиясында 1891/30 үлгідегі винтовка негізінде жасалған 7,62 ммлік карабин, сондай-ақ 7,62 мм өздігінен зарядталатын Симонов жүйесінде жасалған карабин пайдаланылды. Кейбір елдердің армияларында қазір автоматты карабиндер қолданылады. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |