Карлайл (Англия)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Карлайл
Carlisle
Әкімшілігі
Ел

 Ұлыбритания

Аймағы

Солтүстік-Батыс Англия

Графтық

Камбрия

Тарихы мен географиясы
Координаттары

54°53′ с. е. 2°57′ б. б. / 54.883° с. е. 2.950° б. б. / 54.883; -2.950 (G) (O) (Я)Координаттар: 54°53′ с. е. 2°57′ б. б. / 54.883° с. е. 2.950° б. б. / 54.883; -2.950 (G) (O) (Я)

Орталығының биiктігі

28 м

Уақыт белдеуі

UTC0

Тұрғындары
Тұрғыны

75 306 адам (2011)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+44 1228

carlisle.gov.uk/Default.aspx?tabid=89&error=An%20unexpected%20error%20has%20occurred&content=0

Карлайл картада
Карлайл
Карлайл
Қалалық кафедралды собор

Карлайл (бұрын Карлейль, Carlisle) — Англияның солтүстік-батысындағы қала, Камбрия (Кумберланд, Камберленд) графтығының астанасы. Карлайл Шотландия шекарасынан бар жоғы 16 шақырым қашықтықта орналасқан. 3 өзендердің бірігуінде орналасқан: Иден, Колдью және Петтерил.

Карлайлдың тарихи орталығы бар, соның ішінде Вильгельм (Уильям) Жирен салдырған бекініс, мұражай, собор және қаланың алғашқы қабырғалары.

Карлайлдың тағдыры қызықты. Бір уақытта ол Шотландия шекарасына ең жақын ағылшындық қала болды. Кейде - Англия шекарасына ең жақын - шотландық қала болды. Қазір Карлайл Англияның құрамына кіреді.

Карлайлдың негізі римдік қоныс Лугуваллдан (ағыл. Luguvalium) басталады. Бұл атау саксондық Luel-дан қысқартылған, оған Caer (қала) сөзі қосылған; осыдан қазіргі атау шықты. IX ғасырда қаланы даттықтар жойды, ал Жирен Вильгельм қалпына келтірді.

Қазіргі уақыт

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Карлайл - XIX мен XX ғасырдың басынан бастап индустриалды қала. Бұл қала тоқыма және тамақ өнеркәсібіне маманданған.

Карлайлдың қарғысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Карлайл «Карлайл қарғысы» арқылы танымал болды. 1525 жылы алғаш рет Глазго архиепископы осы қарғысты оқыды. Сол кезде Карлайл арқылы өтетін Англия мен Шотландия шекарасы осы елдердің ешқайсысы мұнда тәртіп орната алмады. Осы аймаққа барған Рим Папасы оны «ең заңсыз жер» деп атады. Рим Папасы кеткен соң, архиепископ Gavin Dunbar мал басын ұрлап, зорлық-зомбылық пен қарақшылық жасаған барлық жергілікті қарақшыларды қарғады.

Миллениум мерекесіне дайындық кезінде муниципалды кеңес қалада зұлымдарға қарсы көне қарғыспен тасты орнатуға шешім қабылдады. Ескерткішті Andy Altman жасады. Ескі ағылшын тілінде 1,069 сөздерден тұратын қарғыс 14 тонна салмағы бар гранит монолиттен жасалған. 2001 жылы Карлайл мұражайларының бірінде тасты қойды. (Басқа дерек көздеріне қарағанда, бұл жазба сол XVI ғасырда жазылған, ал 2001 жылы Карлайлдың шетіндегі тастан қала орталығына тасымалданып, мұражайдың «Мыңжылдықтар көрмесінің» басты экспонаты етті)

Қалалық кеңестің мүшесі либералды демократ Джим Тутл 2005 жылдың наурыз айында тасты қаладан алып тастауды немесе оның толық жойылуын ұсынды. Жергілікті тұрғындардың пікірінше, бұл тас қалаларына көптеген қиындықтарды әкелді: Карлайлда тасты орнатқаннан кейін аусыл ауруының эпидемиясынан зардап шекті, оның тұрғындары су тасқынынан қаза тауып, жұмыс орындарынан айрылды, тіпті жергілікті футбол командасы да жарамсыз болып қалды. Карлайлдың протестанттық епископы Грэхам Доу жергілікті тұрғындардың пікірін қолдады.

2005 жылы 8 наурызда қалалық кеңестің шешімімен бұл ұсыныс қабылданбады.

Осында туғандар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]