Киммерик
Киммерик - ежелгі гректер көне қаласының орны. Керчь түбегінің түстік жағасы, Опук тауының батыс жақ етегінде.
Қаланың өмір сүрген уақыты б.з.б. V ғасырынан б.з. X ғасыры аралығын қамтиды. Киммериктің ең дамыған кезі біздің заманымыздың қарсаңы. Б.з. III ғасырында қала қиратылады да, б.з. IV - V ғасырларында қайта көтеріледі. Әр кезгі (1927, 1947-1949, 1950-1951) қазба жұмыстары нәтижесінде бекініс іргелері табылып, тұрғын үйлер аршылды. Бекініс және үй іргелері әк тастардан қаланыпты. Үйлерден шыққан тас келілер мен дән үккіштер, қала тұрғындарының диқаншылықты кәсіп еткенін көрсетеді. Б.з.б. V ғасырдағы қабатының асты қола дәуірінің мекен жайы болып шықты. Киммерик кезінде Опук тауының көптеген бекініс орындарының бірі болған. Оладың ең мықтысы таудың жазық төбесін орналасқан. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Кругликова И.Т., Киммерик в свете археологических исследования по археологии СССР, № 85, М. - Л., 1958