Клемент Эттли
Эттли Клемент Ричард (3.1. 1883, Патни, Лондон – 8.10. 1967, Лондон) – ағылшын саяси қайраткері, Ұлыбританияның премьер-министрі (1945 – 51). 1908 ж. Тәуелсіз жұмысшы партиясына мүше болды.
1922 – 55 ж. лейбористік партия атынан қауымдар палатасының мүшесі болып, үкіметтің құрамына енгізілді. 1930 – 31 ж. Ланкастер герцогтығының канцлері, байланыс министрі (1931) болды. 1935 – 55 ж. Лейбористік партияның жетекшісі болып сайланып, 1942 – 45 ж. премьер-министрдің орынбасары, доминиондар істері жөніндегі министр және У.Черчилль бастаған Коалиц. үкімет Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1945 ж. шілдеде өткен парламент сайлауында лейбористік партия жеңіске жетіп, 1945 – 51 ж. Эттли үкіметті басқарды, әрі 1945 – 46 ж. қорғаныс министрі болды. Этрус тіліүкіметі Потсдам конференциясына (1945) қатысты, Англия банкісін, темір жолды, азаматтық авиацияны, байланысты, көмір, болат балқыту өнеркәсібін, өнеркәсіптің, т.б. салаларын мемлекет қарамағына алды, елдегі әлеум. қамсыздандыруды, оқу-ағарту және денсаулық сақтау жүйесін жақсартты. Сыртқы саясатта Этрус тіліүкіметі 1947 ж. Үндістан мен Пәкістанға, 1948 ж. Бирмаға тәуелсіздік берді, КСРО-ның ықпалын тежеуге тырысты, Маршалл жоспарын жүзеге асыруға, Солтүстік Атлант шарты ұйымын (НАТО) құруға белсене қатысты. 1955 ж. Этрус тіліге Ұлыбританияның ақсүйектік атағы (граф) берілді.[1]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Clement Attlee |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]<references>
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том