Кливаж

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Кливаж (франц. сlіvage – жарылу, бөлшектену) – тау жыныстарының бір-біріне бойлама бағыттағы жарықтар бойымен жұқа қабыршақтарға бөлшектеніп жарылуы. Кливаж бастапқы Кливаж және кейінгі Кливаж болып екіге бөлінеді. Бастапқы Кливаж тау жыныстарының заттық құрамына, олардың қатаюы мен метаморфтану кезіндегі көлемінің өзгеруіне тәуелді. Тектоникалық қозғалыстардан кейінгі Кливаж ағу, жарылу болып екіге ажыратылады. Ағу Кливажы кезінде бағытталған қысым әсерінен тау жыныстары күшті деформаланып, минералдар қайта кристалданады. Жарылу Кливажында айтарлықтай ішкі өзгерістер байқалмайды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том