Лизосома
Лизосома (гр. 'λύσις' – еру және sōma – дене) — жануарлар мен саңырауқұлақ жасушасының органелласы, жасуша ішінде ас қорыту қызметін атқаратын және гидролиттік ферменттердің қор ретінде жиналатын орны. Оның диам. 0,2–0,7 мкм. Лизосомалар қоректі, зиянды бөлшектерді, жасушаның ескі бөліктерін немесе жасушаның өзін қорытуы мүмкін.
Лизосоманың құрылысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олардың құрамына гидролиттік ферменттер тобы — қышқыл фосфатаза, нуклеаза, протеазалар, гликозидазалар т. б. (барлығы 20-дан астам) кіреді. Лизосома торшаның өзінің (аутолиз) және оның ішіне кірген заттардың ыдырауына қатынасады. Лизосома құрамына кіретін ферменттер торша және ақуыздарының жетілуіне (процессинг) қатынасады.[1]
Лизосомалардың ішінде гидролиздеуші ферменттердің жиынтығы болады. Лизосомалардағы нуклеаза, липаза, фосфатаза, ДНК-аза және РНҚ-аза берік бір қабатты жарғақшамен қоршалған. Мұның ферменттеріне рН-тың төменгі мәндері тән болғандықтан, лизосомада қышқылдық орта сақталады. Сондықтан да ферменттер жасушалардың органоидтары мен құрылымдарынан алшақ тұру керек, әйтпесе жасушаны бұзады. Лизосоманың ферменттері, ақуыз сияқты цитоплазманың рибосомаларында синтезделеді. Синтезделген ферменттер эңдоплазмалық тордың өзекшелері арқылы Гольджи мүшесіне барып, оның қуысында лизосома қалыптасады да одан цитоплазмаға өтеді.
Лизосоманың қызметі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Лизосоманың негізгі қызметтері:
1) Өсімдіктер жасушаларында лизосоманың рөлін ірірек вакуольдер атқарады. Жануарлар жасушаларындағы лизосомаларда гидролиздеуші ферменттердің жиынтығы болады. Бұл ферменттер ірі материяның барлық құрамдас бөліктерін, мысалы, нуклеин қышқылдарын, ақуыз молекулаларын, полисахаридтерді (көмірсуларды), т.б. ыдырата алады. Соңдықтан лизосомаларды жасушаның “ас қорыту жүйесі” деп атайды. Мысалы, бақа итшабағының (дернәсіл) құйрығы лизосомадағы ферменттердің әрекетіне байланысты жойылады (қысқарады).
2) Жасуша қартайған кезде лизосома жарғақшасының құрылысы бұзылып, ішіндегі ферменттері цитоплазмаға өтеді, сөйтіп ондағы заттарды бұзады. Осы бұзылу нәтижесінде жасуша тіршілігін жояды екен.
3) А дәрумені мол қорек затын артығымен алған жануарлардың шеміршектері мен сүйектеріңдегі гидролиздеуші ферменттер лизосоманы бұзып шығып, жасуша ішіндегі құрылымдарды жәнежасуша аралық заттарды бұзатындығы далелденді. Лизосома ферменттері пиноцитоз және фагоцитоз әрекеті барысында пайдаланылатындығын ескерген жөн.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
|