Мамықжегі
Мамықжегі | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Felicola subrostratus
| ||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
|
Мамықжегі (Mallophaga) — жәндіктер класы отрядының бірі. Табиғатта кең таралған. 2500-дей түрі бар. Ұзындығы 1 — 11 мм. Түсі сары, қоңыр кейде қара. Мамықжегі құстардың қауырсындарының, сүтқоректілер түгінің арасына жабысып, паразиттік тіршілік етеді. Көзі болмайды, аузы кеміргіш. Зәр шығару мүшесі мальпиги түтігінен тұрады. Мамықжегі дара жынысты, шала түрленіп дамиды. Жұмыртқаларын құстардың қауырсыны мен жануарлардың түгінің арасына салып, оны жабысқақ сұйықтықпен жабыстырады. Дамуы 3 — 4 аптадай. Дернәсілдері ересек дарабастарынан денесінің мөлшері, қылшықтарының орналасуы мен формасы бойынша ғана ажыратылады. Мамықжегі құстар, сүтқоректілер терісінің эпидермис қабатымен, мамығымен, түгімен, қанымен қоректенеді. Мамықжегі сау организмнің екінші бір ауру организмге жанасуы кезінде жұғады. Қос қанатты қан сорғыштар дернәсілдерін тасымалдап жұқтырады. Үй жануарларына жаппай таралып кетсе олар қатты қышынып, мазасызданады, әлсіреп, алынатын өнім мөлшері азаяды. Күрес шаралары: ауру байқалған сүтқоректілердің қоралары мен құстардың ұяларына түрлі инсектицидтер шашу, сондай-ақ жануарларды күшәла, креолин салынған ваннаға тоғыту қажет.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |