Микротолқынды пеш

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Микротолқынды пеш

Микротолқынды пеш. Тұрмыста тамақты тез дайындауға, қыздыруға және мұздаған тағамды жібітуге пайдаланылады. Оның газ және электр плиталарынан, духовкадан айырмашылығы — мұндағы жылу көзше магнетрон тудыратын аса жоғарғы жиіліктегі электромагниттік толқындардың энергиясы пайдаланылады. Микроголқынды пештің қыздыру принципі тамақтық дәмділігін жоғалтпай, витаминдерді сақтауға, күйдірмеуге, тым буландырып жібермеуге негізделген. Пеште тамақ дайындауға уақыт газ плитасына қарағанда 4—8 есе аз кетеді. Пайдалану кезінде пештің жан-жағы қызып кетпейді, тамақ күймейді, ас үйдің ауасы әрдайым таза болып тұрады. Толқынның әсерінен тамақтың ішкі жағынан гөрі сыртқы жағы тезірек қызатындықтан, ет тағамдарын бәсең, орташа және қатты қызумен дайындау ға болады. Микротолқынды пеште тамақ дайындау үшін шыны, фарфор, фаянс, пластмасса, тіпті фольга ыдыстарды да пайдаланады. Металл ыдысты, сондай-ақ алтын жалат қан тарелкалар мен шыныларды пайдалануға болмайды. Тамақты дастарқанға қояр алдында тарелканың өзімен қыздырған жөн. Сұйық тамақ қайнап, пешке тасып төгілмес үшін жабық ыдыста қыздырады. Микротолқынды пеш тамақ дайындауға кететін майды біршама үнемдеуге мүмкіндік беретіндіктен, диеталық тағамдар дайындауға тиімді. Отандық өнеркәсіп кернеуі 220 В айнымалы токжелісінен қоректенетін «Электроника» микротолқынды пешін шығарады. Пайдалану қуаты 1,65 кВт-тан аспайды, ең үлкендерінің мөлшері 600X470X380. мм. Сырт қорабы әсем жасалған, ас үй жиһа-зының бірі ретінде орын табады. Қойған Кезінде пештің астында металл зат болмауы тиіс. Оның қалыпты жұмыс істеуі үшін пеш-тің қабырғаларына ауа еркін келіп тұру керек. Пеш қорабының артқы жағы мен оған жақын заттардың ара қашықтығы кемінде 2,5 ем болғаны абзал.«Электроника» пешініңжұмыс істеу ұзақтығы тамақ әзірлеуге қажет уақытқа сәйкес алдыңғы жағындағы релемен реттеледі. Пеш арнаулы «Пуск» кнопкасы арқылы іске қо-еылады. Қажетті уақыт біткен соң токтан пеш автоматты түрде ажыратылады. «Электроника» пешін дереу тоқтату үшін аса жоғары жиілікті толқын генераторын ажырататын автоматтық блокировкалау жүйесін және «Стон» тоқтату кнопкасын басады немесе камера есігін ашады. Микротолқынды пешті пайдалану нұсқауын қатаң сақтау керек. Мысалы, пештің өзін ғана іске қосуға болмайды, жоқ дегенде бір стакан сұйықтық (май, сүт т. б.) болуға тиіс. Пеш іске қосылғанда, есігін ашық қалдырмау керек.Пешті жермен қосу үшін артқы жағындағы арнаулы клемма пайдаланылады. Бұзылған нешті жөндеу шеберхана сы ида арнайы маманға жөндетеді.[1]

1945 жылы америкалық инженер Перси Лебарон Спенсер алғашқы радарларға қажетті микротолқынды радиодабылдарды тудыратын қондырғы - магентронды шығару жолында еңбек етті. Әрине соғыс уақыты болғандықтан радар сөз жоқ, аса құнды жаңалық еді, бірақ Перси Лебарон Спенсер микротолқынның көмегімен тамақ пісіруге болатынын кездейсоқ білді. Бірде ол магнетронның қасында тұрып, қалтасындағы шоколадтың еріп кеткенін аңғарады. Ол тәттінің микротолқынның әсерінен ерігенін ұғып, бірнеше сынақ жасап көреді. Нәтижесінде көпшілігіміз тұрмыста жиі пайдаланатын микротолқынды пеш өмірге келді. Оның ең алғашқысының салмағы 340 келі болған екен.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9