Окан Ялабык

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Окан Ялабык
Жалпы мағлұмат
Туған күні

13 желтоқсан 1978 (1978-12-13) (45 жас)

Туған жері

Ыстанбұл, Түркия

Азаматтығы

 Түркия

Мамандығы

Түркия әртісі

Окан Ялабык (түр. Okan Yalabık [oˈkan jalaˈbɯk] 1978 жылы 13 желтоқсанда Ыстанбұл қаласында дүниеге келген) – түрік актеры.

Окан Ялабык 1978 жылы 13 желтоқсанда туған, мектепте оқыған кезден-ақ актер болатынын білген екен. Ол оқушы кезінде мектпе театрында ойнаған, кейіннен шынайы актерлік білім аламын деп, Ыстанбұлдық университетке Йылдыз Кентараның тобында оқыған. Екі мыңдардың басында телевизиялық мамандығын кәсіби түрде жалғастыра бастап, өзінің негізгі үш рөлін сомдады. Алғашқы рөлі «Серсері» телехикаясындағы жұмыссыз, бірақ шынайы сезімтал және мейірімді, байдың қызына ғашық болып, ақыры оның жүрегін жаулап алған адам - Омер Йелкеннің рөлі. 2006 жылы «Түсінші, сүйіктім» атты телехикаяда басқа жігітті жақсы көріп қалған қызды сүйетін романтикалық әрі мейірімді жас жігіт – Неджеттің рөлінде ойнаған. Үшінші рөлі Парғалы Ибраһим-паша. «Ғажайып ғасыр» телехикаясындағы бұл рөлі үшін ол 2011 жылы «Ең үздік актер» атағын алды. Ялабык тағы бір неше фильмде ойнаған, оның соңғылары «Күз жарасы» мен «Аңшылық маусымы». «Аңшылық маусымы» фильміндегі полицей Хасанның рөлі үшін де 2011 жылы «Ең үздік актер» рөлін алды. 2008 және 2009 жылдары пьессаларда ойнағаны үшін де ол екі марапат алды. «39 баспалдақта» шығарманың ерекшелігі үшін Окан бір өзі 10-нан астам кейіпкерді ойнады. Ялабык тек қана актер ғана болып қоймай, сонымен қатар әнші болып та табылады. Ол «Куң-фу панда» және «Куң-фу панда 2» мультфильміндерінің түрікшеге аударылымында, Окан басты кейіпкері Поның дауысын сомдады. Тағы да Ялабыктың атақты жұмыстарының бірі - PlayStation 3-ке арналған «Uncharted 3» ойынын да дыбыстауы.

Фильмографисы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
жылы Қазақша атауы Шынайы атау Сомдаған рөлі
? қ Sırça Kümes
? қ «Байрақ» Bayrak
? қ «Нүкте» Nükte
? қ «Март» Martı
2000-2001 с «Жылан хикаясы» Yılan Hikayesi Комиссар/Komisar
2001 c Aşkım Aşkım Тарканджан/ Tarkancan
2002 с «Жұлдыздарың алтыннан» Yıldızların Altında Енгин/Engin
2002 c «Зейбек жалыны» Zeybek Ateşi Керем/Kerem
2002 ф «Гүлүм» Gülüm Серхат/Serhat
2003 c «Серсері» Serseri Омер Йелкен/Omer Yelken
2003 c Çaylak Еврен/Evren
2003 ф «Бас сазгер» Başyapıt Сазгер/Sezçi
2003 қ Inishmore'lu Yüzbaşı
2004 с «Еуропа жағасы» Avrupa Yakası Недждет Айгүн/Necdet Aygün
2004 ф «Сиқыр» Magia Джемил/Cemil
2005 с «Сенсіз жұмыс істемеймін» Sensiz istemeşben Кан/Kan
2005 с «Шапқын» Çapkın Өзгүр/Özgür
2005 ф «Сіз не қалайсыз?» Стевро/Stevro
2005-2008 қ «Құмарлардың шешімі» Kumarbazın Seçimi Карл/Karl
2006 c «Қайтып оралатын жолдар» Arka Sokaklar Өзгүр/Özgür
2006-2008 c «Түсінші, сүйіктім» Hatırla Sevgili Недждет Айгүн /Necdet Aygün
2006 ф «Қабысылар үйі: Хаял-и Джихан» Kabuslar Evi: Hayal-i Cihan Бурак/Джихан/Burak/Cihan
2006 ф «Алғашқы махаббат» İlk Aşk Расим/Rasim
2007-2008 қ «39 баспалдақ» 39 kadım
2007 мф «Дон Кихот» Don Kihot Дон Кихот/Don Kihot
2008 мф «Куң-фу панда» Kung fu panda По/Po
2008 o «Ергежейлілер мен Трольдер» Gnomes and Trolls: The Secret Chamber
2009-2010 с «Бұл ес сені ұнатар ма?» Bu Kalp Seni Unutur Mu? Керим/Kerim
2009 ф «Күз саны» Güz Sancısı Стевро/Stevro
2010 c «Үміт жолдары» Umut Yolcuları Ерхан Гүл/Erhan Gül
2010 ф «Екі ілесушінің арасында» İki izçi arasunda Хан/Han
2010 ф «Аңшылық маусымы» Хасан/Hasan
2011 ф «Көктем уақиғалары» Мелих/Melih
2011-2013 с «Ғажайып ғасыр» Muhteşem yüzyıl Парғалы Ибраһим-паша (Тео)/Нико/Pargalı İbrahim paşa (Teo)/Niko

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]