Прекурсор

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Прекурсор (лат. praecursor — бастамашы; жол салушы; негізін қалаушы) — белгілі мақсаттағы зат алу реакциясына қатысатын зат. Мысалы, биохимияда бұл сөз метаболикалы жолдың аралық мүшесіне қатысты қолданылады.

Атап айтқанда, прекурсорлар — Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімінде аталған есiрткi және психотроптық заттарды өндіру, дайындау, өңдеу кезінде пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес бақылау жасалуға тиісті заттар.[1]

Сондай-ақ, прекурсор — кез келген әдіс арқылы уытты химиялық заттардың кез келген өндіру сатысына қатысатын, ақырғы өнімнің уыттық қасиеттерін анықтауда маңызды рөл атқаратын және бинарлы немесе көп компонентті жүйедегі өзге химикаттармен жылдам әрекеттесетін химиялық реагент.

Терминнің қазіргі қолданысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2007 жылдан бері термин есірткі, күшті әсер ететін немесе жарылғыш заттар өндірісіне байланысты заттарды белгілеу үшін қолданылады. Бұндай заттардың айналымына шектеу қойылғандықтан химиялық реактив саудасымен айналысатын көптеген фирмалар прекурсорлармен жұмыс жасаудан бас тартады.

Преурсорлардың шамаланған тізімі:

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]