Скерцо

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Соната Солнца. Скерцо.1907.

Скерцо (итал. scherzo, дәлме-дәл — әзіл) —

  1. әзіл-қалжың сипаттағы мәтіндерге жазылған бір дауысты вокалдық пьеса.
  2. Жылдам екпінде, ойнақы сипатта жазылған, ырғағы мен әуені еркін алмасып отыратын аспаптық пьеса.


Скерцо көбіне аспаптық сюита құрамына енеді; ал 18 ғасырдың соңында симфонияның, сонатаның, квартеттің, т.б. құрамына қосыла бастады. Өлшемі 3/4 немесе 3/8. Скерцоның классикалық түрін Л.В. Бетховен қалыптастырды және оны сонаталық-симфониялық топтамаларына енгізді. Сондай-ақ Скерцо жеке аспаптарға да арналып жазылды.

Скерцо қазақ музыкасында 1930 жылдан пайда бола бастады. Мысалы, М.А. Штейнбергтің “Түрксібі” (1933) мен А.А. Зильбердің “Жаңарған Қазақстан” (1938) симфонияларының 3-бөлімдері; В.В. Великановтың скрипка мен фортепьяно үшін жазылған скерцосы (1964); Е.Рахмадиевтің труба мен оркестрге арналған скерцосы (1966); М.Сағатовтың труба мен фортепьяно үшін жазылған скерцосы (1965). Скерцо жанрында елеулі еңбек еткен композиторлар — Е.Г. Брусиловский, Қ.Қожамияров, Ғ.Жұбанова, С.Мұхамеджанов, т.б.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8