Скутум
Скутум (лат. scutum, a) — ортасында сабы бар ұзын қалқан.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қалқанның бұл түрі Италиядан бастау алады, онда ол қола дәуірінен бастап таралған деген де деректер бар. Этруряда, Витулонияға жақын жердегі Поджо-алла-Туардия қорымында шамамен б.з.д VIII ғасырға жататын кейінгі римдік скутумға өте ұқсас қалқан суреті табылған. Бұл қалқан кейін кельттерде, иберлерде, иллириялықтарда жақсы қолданыста болды.
Шамамен б.з.д IV ғасырда аргивтік гоплит қалқанының орнына скутум қолданыла бастады. Римдегі азамат соғысы кезінде скутум сопақ пішінді болып, кейін тікбұрышты болып кетті. Бұл соңғы скутум түрі Империя ескерткіштерінен жақсы белгілі. III ғасырда скутумның орнын ауксилии деп аталатын қалқан басты.
Ертеде сопақ пішінде немесе дөңес төртбұрыш пішімді болған. Көбінесе ағаштан жасалған тік қабырғамен қүшейтілген. Ондай кезде умбон керек болмаған. Умбоны темірден немесе қоладан жасалып, түрлі формада болған.
Сипаттама
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Республика кезеңінде скутумның ені 75 см, ұзындығы 1,2 м , салмағы 8-10 кг болған. Полибидің айтуы бойынша, скутумды екі ағаш пластинаны желімдеу, дөрекі терімен қаптау, одан соң бұзау терісімен қаптау арқылы жасаған және бұндай қалқанның умбоны болған, шеттері темір қапсырмалармен қапталған. Қалқанның дөңгеленген пішінінен легионердің оны кеудесінің алдында емес сол жағында ұстағанын білуге болады. Осылай римдік легионер жауын тықсырып, оң қолындағы қысқа қылышын пайдаланған.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1. http://hiswar.net/weapon-and-military-technique/33-skutum-shchit-drevnerimskikh-legionerov-iv-vek-do-n-e-iii-vek-n-e Мұрағатталған 6 қарашаның 2014 жылы.
2. http://dic.academic.ru/dic.nsf/dic_synonims/237201/%D1%81%D0%BA%D1%83%D1%82%D1%83%D0%BC
3. http://sablya.info/rimskaya_imperiya/skutum-drevnerimskij-shhit.html Мұрағатталған 5 қарашаның 2014 жылы.