Смилодондар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Смилодондар
Қазбалық ауқымы: Early Плейстоцен to Early Holocene, 2.5–0.01 Ma
S. fatalis skeleton at National Museum of Natural History, Washington, D.C.
S. fatalis skeleton at National Museum of Natural History, Washington, D.C.
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Carnivora
Тұқымдасы: Felidae
Кіші тұқымдасы: Machairodontinae
Тайпасы: Smilodontini
Тегі: Smilodon
Петер Вильхельм Лунн, 1842
Түрлері
Синонимдері

Смилодондар (лат. Smīlodōn; көне грекше: σμίλη «пышақ» және көне грекше: οδούς «тіс») — Мысықтәрізділердің Machairodontinae (қылыш-тісті мысықтар) тұқымдас тармағының жер бетінен жойылып кеткен түрі. Жер бетінде 2,5 млн 10 мың жыл бұрын Солтүстік және Оңтустік Америкада өмір сүрген. Мегантереоннан пайда болған. Оның танымал аты — «қылыш-тісті мысық», бірақ ол дұрыс атау емес.

Сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Адам мен смилодонның пропорцияларын салыстыру
смилодонның бас сүйегі

Смилодонның дене тұқрқы арыстан мен амур жолбарысының өлшемдеріне жақын және оның салмағы - 160-280 келі (Smilodon fatalis), 220-400 келі  (Smilodon populator), олардың құйрығы қысқа болған. Смилодонның бір түрі (Smilodon populator) ең үлкен болған. Смилодон басқа қылыш-тісті мысықтардан өзінің күшті денесімен ерекшеленді.

Оның жоғарғы тістерінің ұзындығы түбірімен 28 см.-ге жетті. 

Жоғарғы тісті қолдану үшін, смилодон өзінің ауызын 120° ашқан, осыған олардың астыңғы жақтың буын байланысы мен бас сүйегі түсірілген болған. Смилодон   мамонтпен, мастодонтпен, бизонмен және аттармен қоректенді. Тіршілік ету аймағы - ашық аймақтар, саванналар.

Зерттелу тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Осы түрді дат табиғаттанушысы, палеонтолог Петр Вильгельмом Лунд 1841 жылы сипаттаған.Бұл азамат Smilodon populator жануарының қалдықтарын алғашқы рет Минас-Жерайста (Бразилия) тапқан болатын.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Christiansen P., Harris M. Body Size of Smilodon (Mammalia: Felidae) // Journal of Morphology, 266: 369—384 (2005).
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Smilodon