Степан Георгиевич Шаумян
Степан Георгиевич Шаумян(партиялық лақап аттары - Сурен, Суренин, Аякс т.б.) (01.10.1878, Тбилиси, - 20.09.1918) - Коммунистік партияның қайраткері, Кавказдағы революциялық қозғалыс басшыларының бірі. 1900 жылдан Компартия мүшесі.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тбилиси діни училищесін бітірді (1898). 1899 жылы Джалалоглы селосында (Степанаван қаласы) Армениядағы алғашқы маркстік үйірмені ұйымдастырды. 1902 жылы Армян социал - демократия одағын ұйымдастырушылардың бірі болды. 1902 жылы Германияға кетіп, онда Берлин университетінде оқыды (1905 жылы бітірді), РСДЖП - нің шетелдік ұйымдарында жұмыс істеді. 1903 жылы Женевада В.И.Ленинмен кездесті. К.Маркс пен Ф.Энгельстің "Коммунистік партияның манифесін" армян тіліне аударды (1904). 1905 жылы Тбилисиге қайтып оралып, РСДЖП Кавказ одақтық комитеті басшыларының бірі және бірнеше газетке редактор болды. РСДЖП 4 - (1906) және 5 - (1907) съездерінің делегаты. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Баку Кеңесінің председателі. Кеңестердің Бүкіл ресейлік 1 - съезінің делегаты . БОАК мүшесі. РСДЖ (б) П 6 - съезінің делегаты. Съезде ОК мүшелігіне сайланды. 1917 жылғы желтоқсанда РСФСР Халкомсовы Шаумянды Кавказ істері жөніндегі төтенше комиссар етіп тағайындады. 1918 жылы сәуірден Баку Халкомсовының председателі және сыртқы істер жөніндегі комиссар. Ағылшын интервенттері мен эсерлер атқан бакулік 26 комиссармен бірге қаза тапты.
Қолданылған әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 198 бет