Сунь Вэйши
Сунь Вэйши – Қытай актрисасы, режиссер. 1922 жылы дүниеге келген.
Әкесі Сунь Бинвэнь 1927 жылы дарға асылады. Оның қазасынан кейін Сунь Вэйши анасы Жэнь Жуймен бірге гоминьдандық өкіметке қараған аудандарда тұрған. Ол жерден Чжоу Эньлаймен бірге Яньаньға кетеді. Жэнь Жуйдің келісімімен Чжоу және әйелі Дэн Инчао оны асырап алады. Яньаньда жапондарға қарсы академияда, партиялық мектепте және марсизм-ленинизм институнда білім алады.
1939 жылы Мәскеуге оқуға кетеді. КСРО-да Мәскеу шығыстану институтының режиссерлік және орындаушылық факультетін жақсы нәтижемен тәмамдайды. 1946 жылы Қытайға оралып, мәдениет саласындағы ұйымдастыру жұмыстарымен айналысады.
1949-1950 жылдары Мао Цзедунның КСРО-ға сапары кезінде аудармашылар тобын басқарып барады.
1950-1960 жылдары қытай театры саласында белсенді қызмет атқарады.
1965 жылы Дацин ауданына «қайта тәрбиелеуге» жіберіледі.
1968 жылы Сунь Вэйши тұтқындалады. Сол жылы 14 қарашада түрмеде қайтыс болады.