Тихон Николаевич Хренников
Тихон Николаевич Хренников (1913—2007) — кеңес ресей композиторы, педагог және қоғам қайраткері. КСРО-ның халық әртісі (1963), Социалисттік Еңбек ері (1973). Лениндік (1974), екінші деңгейдегі үш Сталиндық (1942, 1946, 1952), КСРО-ның мемлекеттік (1967) сыйлықтарының лауреаты.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1913 жылдың 28 мамырында (10 маусымында) Ельцте (қазіргі Липецк облысы) көпес отбасының оныншы баласы болып туған; анасы — Варвара Васильевна — үй шаруасындағы әйел.
Ельцте болған кезінде пианист және композитор В. П. Агаркова, және оның оқушысы К. Н. Игумнованың музыкалық шығармашылықтарына қызығып, Анна Федоровна Варгунинадан музыкалық сабақтар алып отырады. 1927—1928 жылдардың қысында Мәскеуге келіп, өзінің шығармаларын Агарковқа көрсетеді, ол оған қызығушылық танытып, Ельцтегі орта білімін аяқтауға, кейін Мәскеуге оқуға түсуге кеңес берді. 1929 жылдың көктемінде ол тоғыз сыныптық мектепті аяқтап, Михаил Гнесинге хат жазып, одан жағымды жауап алып, Гнесиных атындағы музыкалық техникумға оқуға түседі. Оны 1932 жылы аяқтайды. 1936 жылыМәскеу консерваториясын аяқтайды. Ол В. Я. Шебалин және Г. Г. Нейгауздердің оқушысы болған. 1933 жылы Мәскеу балалар театрына шақырту алады, ол кезде оны Н. И. Сац басқарған.1941 жылы Қызыл Армия театрының муызкалық бөлігін басқарды.
1939 жылы «Боранға» (1939) операсын жазады, ол оның ең алғашқы жетістікке жеткен шығармасы болды. Онда Хренников алғаш рет операда В. И. Ленинді көрсетті. 1950 жылы «Фрол Скобеев» (1950) операсын жазды. Музыкаларды қойылымдар мен фильмдерге арнап жазды, солардың ішінде «Шошқа бағушы әйел мен бақташы» (1941), «Соғыстан кейін, кешкі сағат алтыда» (1944) және т.б. Оның «Доротея» атты музыкалық қойылымында басты рөлдердің бірін опералық әнші Леонид Екимов сомдады.
2007 жылдың 14 тамызында Мәскеуде қайтыс болды. Жерлеу рәсімі 2007 жылдың 17 тамызында Ельцте өтті. Өзінің өліміне дейін бірнеше ай бұрын Тихон Николаевич Ельцте, өзінің туған қаласында, оны жақсы көрген адамдарының қасында жерленгісі келетінін айтқан болатын. Қаланың әкімшілігі, композитордың қызымен және немересімен келісіп, оны өзінің туған мұражай-үйінің бақшасына жерлеу туралы шешім қабылдады.
Шығармашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]• «Боранға» (Вирттің «Жалғыздық» романы бойынша 1939), «Фрол Скобеев» (1950), «Ана» (М. Горькийдің бір атаулы романы бойынша, 1957), «Доротея» (1983, Шериданның «Дуэнь» комедиясы бойынша), балаларға арналған опера-ертегі «дәу-балақай» (1969), «Жүректердің кесірінен тым көп шу» (Шекспирдің «Ештеңеден көп шу» комедиясы бойынша1972) комикалық операсы, «Алтын бұзау» (1985) және «Жалаңаш король» (1988, екеуі де— И.Ильф және Е.Петров бойынша); • балеттері — «Біздің үйдің алаңы» (1970), «Махаббат үшін махаббатпен» (Шекспирдің «Ештеңеден көп шу» комедиясына сюжет1976), «Гусар балладасы» ( «Бұрыннан-бұрын» А. Гладковтың комедиясының сэжетіне, 1979), «Наполеон Бонапарт» (1995), «Капитан қызы» (1999);
• оперетталары — «Жүз шайтан мен бір қыз» (1963), «Ақ түн» (1967); • оркестрге арналған — симфониялары (1935; 1942, 2-ші басылым. 1944; 1974), «Мик» (1934), «Ештеңеден көп шу» (1936), «Дон Кихот» (1940) қойылымдарынан алынған музыкалардың симфониялық сюитасы;
Қоғамдық қызметі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]• 1947 жылдан бастап ВКП(б) мүшесі
• 1976 жылдан бастап ЦК КОКП мүшелігіне кандидат
• ЦРК КОКП мүшесі (1961—1976)
• ВС КСРО 6—11шақырылымдарының депутаты (1962—1989)
• СК КСРО генералдық (1948—1957) бірінші (1957—1991) хатшысы
• Шетелмен мәдени байланыстың Бүкілодақтық қоғамының Музыкалық секциясының президенті (1949 жылдан бастап)
Дереккөздер
1. ↑ Биография Тихона Хренникова (рус.). РИА Новости (10 маусым 2013). Архивировано из первоисточника 11 маусым 2013.
2. ↑ Музыкальная энциклопедия. Гл. ред. Ю. В. Келдыш. Том 6. Хейнце — Яшугин. 1108 стб. с илл. М.: Советская энциклопедия, 1982 год
3. ↑ Выступление тов. Хренникова. — Против формализма и фальши. Творческая дискуссия в Московском союзе советских композиторов. Советская музыка, 1936, № 3, с. 45.
4. ↑ Советская музыка, 1937, № 6, с. 5.
5. ↑ Solomon Volkov: Die Memoiren des Dmitri Schostakowitsch. Berlin/München 2000, S. 205.
6. ↑ Jascha Nemtsov. «Ich bin schon längst tot» — Komponisten im Gulag: Vsevolod Zaderackij und Alexander Veprik. — Osteuropa 6/2007; S. 315—340.