Хромтау
Қала | |
Хромтау | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
50°15′01″ с. е. 58°26′05″ ш. б. / 50.25028° с. е. 58.43472° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°15′01″ с. е. 58°26′05″ ш. б. / 50.25028° с. е. 58.43472° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1940 |
Қала статусы |
1967 |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
29 982[1] адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+7 71336 |
Пошта индексі |
031100 |
Автомобиль коды |
04 |
Хромтау шекарасы
|
Хромтау — қала, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының (1967 жылдан бері) және Хромтау қалалық әкімдігі орталығы.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Облыс орталығы - Ақтөбе қаласынан шығысқа қарай 86 км жерде, Мұғалжар тауының солтүстік етегінде, Ойсылқара (Сарымырза) өзені бастауындағы дөңесті жерде орналасқан.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1999 жылы тұрғындар саны 21740 адам (10211 ер адам және 11529 әйел адам) болса, 2009 жылы 24089 адамды (11630 ер адам және 12459 әйел адам) құрады.[2]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Іргесі 1940 жылы Дөң хромит кен орнының игерілуіне байланысты жұмысшы кенті ретінде қаланған.
Кәсіпорындары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қаладағы негізгі кәсіпорындар: «Дөң кен байыту комбинаты» және «Дөң мұнайбаза» АҚ-дары. Одан басқа қалада «Керамика» АҚ, «Рахат-21», «Сауда орталығы», «Әділ фирмасы» ЖШС-тері, «Бек» ӨК, т. б. шағын жеке кәсіпкерліктер («Егізбаев», «Наурызбаев», т. б.) жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әлеуметтік салада жалпы білім беретін 6 мектеп, 1 кәсіптік-техикалық мектеп, 3 балабақша, Кеншілер мәдениет үйі, клуб, пошта, телеграф жүйелері, 100 орындық шипажай, т.б. бар. Хромтау арқылы ресубликалық маңызы бар Қандыағаш — Алтынсарин — Жітіқара — Қостанай темір жол және Қарабұтақ — Темірбек Жүргенов — Денисовка — Қостанай автомобил жолы өтеді[3].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- ↑ 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2019 жылы.
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
|
|