Шал мен теңіз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Шал мен теңіз
The Old Man and the Sea
Басылым
Жанр

повесть

Авторы

Эрнест Хемингуэй

Түпнұсқа тілі

ағылшын тілі

Жариялануы

1952 ж.

Баспагер

Charles Scribner's Sons

Аударма

1966 ж.

«Шал мен теңіз»Эрнест Хемингуэйдың көзі тірісінде жарияланған соңғы елеулі шығармасы және оның ең танымал туындыларының бірі.

Бұл повесть үшін Хемингуэйге Пулитцер сыйлығы табысталды. Сондай-ақ Нобель сыйлығын беруге негіз болған шығармалардың бірі ретінде көрсетіледі.

Хикаятта Сантьяго есімді кубалық балықшының марлиндерді аулап жүргені баяндалады.

Автор осы бір шығарма арқылы жалғыздық психологиясы мен жалғыздық философиясы секілді күрделі ұғымдарға терең бойлауға күш салған. Бас кейіпкер жалғыздықта ғұмыр сүрген жан болса да, оның теңіздегі тағдыры оқырманын жалғыздықта қалдырмайды. Шеберлікпен өрілген шығарманың тұтас атмосферасы, қаһарман аурасы оқырманды үнемі рухтандырып, жігерлендіріп отырады.[1]

Классикалық шығарманы қазақ тіліне Нығмет Ғабдуллин аударған.

Шал үшін соңғы 84 күн бойы теңізге шығуы еш олжасыз өтіп бара жатады. Көршілердің көмекшіл баласы да әкесінің айтқанына еріп, енді басқа балықшылармен бірге жүр. Бірақ үмітін үзбеген шал 85-ші күні де өзінің жамау-жамау жел­кенін көтеріп теңізге шығады. Жағадан тым алыстап кеткен ол суда жүзіп өткен жартытонналық балықты көреді...

Экрандалуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]