Шандыр
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Шандыр (фасция); (лат. fascia — шандыр) — бұлшықеттің дәнекер ұлпалық жұқа қабығы. Атқаратын қызметі мен орналасу орындарына байланысты шандыр: беткей (теріасты) шандыр және терең шандыр болып екіге бөлінеді. Беткей шандыр — организм бұлшықеттерін сыртынан қаптап жатқан тығыз дәнекер ұлпалық жұқа қабық. Беткей шандыр — қаңқа сүйектеріне бекімейді. Оның сыртқы және ішкі қабаттарының арасында теріасты бұлшықеттері болады. Терең шандырлар сүйектерге бекіп, жеке немесе бұлшықеттер тобын сыртынан қаптап, бұлшықеттердің бір бағытта жиырылуына көмектеседі. Сонымен қатар, олар тірек қызметін атқарып, бұлшықеттерді бір-бірінен бөліп тұрады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |