Элли Голдинг

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ellie Goulding (2016)

Елена Джейн Голдинг (ағыл. Elena Jane Goulding; дүниеге келген уақыты 30 желтоқсан 1986 жыл, Херефорд, Англия), көбіне Элли Голдинг (ағылш. Ellie Goulding) атымен танымал - ағылшындық әнші және композитор.

2010 жылы "Сыншылар таңдауы" номинациясында BRIT Awards 2010 және BBC Sound of 2010 сауалнамасында бірінші орындарды иемденгеннен кейін әйгілі бола бастады. 2009 жылы Polydor Records ұйымымен келісімге тұрғаннан кейін өзінің алғашқы шығармашылығын EP «An Introduction to Ellie Goulding» таныстырды, сонымен қатар ең бірінші өзіндік студиялық «Lights» альбомын шығарды.

«Lights» альбомы UK Alboms Chart топшасында алғашқы орынды иемденді және Ұлыбритания бойынша альбомның 850 көшірмесі сатылды. 2010 жылдың желтоқсанында Элли Элтон Джонның «Your song» әуеніне кавер жасаған туындысы, 2011 жылы сәуір айында 3 апта бойы iTunes дүкенінде алғашқы орынды олжалады. Сонымен қатар, «Lights» әуенін Уильям және Кейт Миддлтон үйлену іс - шарасында Букингем сарайында орындады. Әуен Billboard Hot 100 топшасында да ұзақ уақыт бойын жоғарғы нәтижелерді көрсетіп отырды.

2012 жылдың қазанында Элли «Halcyon» атты өзінің екінші альбомын көрсетті. Бұл альбомды сыншылар өте жылы қабылдады. «Anything could happen» әуені Ұлыбританияның әуендер топшасында алғашқы бестікке кірді және топ 20 бағдарламасы бойынша Австралия, Жаңа Зеландия и Ирландия елдерінде бірнеше орындарды иемденді. Halcyon Billboard 200 топшасында ондыққа кірген болса, өзге елдердің әуендік топшаларында алғашқы бестіктің ішінен орын алды.

Элли Голдинг

Элли Херефорде (Англия) Артур және Трейси Голдинг отбасыларында дүниеге келген. Жалпы отбасы құрамында төрт бала болған (Элии екінші бала). Эллидің анасы және әкесі дәулетті отбасылар қатарынан емес еді. Сонымен қатар Эллидің 5 жас кезінде оның ата - аналары ажырасып, Элли өгей әке тәрбиесінде өседі. 9 жас кезінен ол кларнетте ойнауды игерсе, 14 жасында гитараны бағындыруға тырысады. 15 жасында өзінің алғашқы әуендерін жаза бастайды. Алғашқы білімді Элли Кингтондағы Леди Хокинс мектебінде және Hereford Sixth Form College бойында алады. Мектепті бітіргеннен кейін Элли Кент университетінде білім алып, өзінің талантын шыңдай түседі.

Жеке өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2010 жылы Голдинг BBC Radio 1 диджейі Грег Джеймспен бірге болған.

2012 жылы болса, Элли әйгілі бростеп - әнші Скриллекспен бірге кездесіп жүрген. Бірақ, екі жұп тез арада айырылысқан.

Шығармашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Студиялық альбомдар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 2010: Lights / Bright Lights
  • 2012: «Halcyon»
  • 2013: Halcyon Days

EP

  • 2009: An Introduction to Ellie Goulding
  • 2010: iTunes Festival: London 2010
  • 2010: Run Into the Light
  • 2011: Ellie Goulding: Live at Amoeba San Francisco
  • 2012: iTunes Festival: London 2012
  • 2013: iTunes Festival: London 2013
  • 2013: iTunes Session

Концерттік турлар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • The Lights Tour (2010—2011)
  • The Halcyon Days Tour (2012—2014)