Эпифора

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Эпифора — өлеңнің әр тармақтарында бір сөздің немесе сөз тіркесінің жол аяғында немесе әр ой ағымының аяқ жағында бірнеше рет қайталануы. Бұл қажетті бір ойға, құбылысқа ерекше назар аударып, сөз әсерін арттыру үшін қолданылады. Қазақ өлеңінде эпифора сөздің кезекті қайталау үлгісіне жатады. Мысалы:

Атадан туған мен бір шоқ,

Садаққа байлар сайман жоқ.

Балталыдай көлім жоқ,

Бақалыдай көлім жоқ,

Алдымда менің ағам жоқ,

Артымда менің інім жоқ. («Қозы Көрпеш −Баян сұлу »жырынан)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]