Ғарыштық желі
Ғарыштық желі (орыс. Космическая струна, ғарыштық ішек) — уақыт кеңістігінің алып қатпары іспеттес, болжамды реликтілі астрономиялық нысан. Кей жағдайда желілер конус типтес уақыт кеңістігінің бірқалыпты типологиялық дефектілерімен сипатталады.
Теориялық зерттелуінің алғышарттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ғарыштық желілер Желі теориясының нәтижесі болып табылады.[1]
«Ғарыштық желілердің» болу мүмкіндігі жайлы алғаш болжамдар 1976 жылы британ физигі Томас Киббл тарапынан айтылып, ал осы теорияның ары қарайғы дамуына 1981 жылы ұсыныс білдірген кеңес астрофизигі Яков Зельдович болды.[2]
Ғарыштық желілердің диаметрі атом ядроларының көлемінен әлдеқайда азырақ (шамамен 10−29 сантиметрдей), ұзындығы— кемінде оңдаған парсектей, ал салыстырмалы массасы — шамамен сантиметрге шаққанда 1022 грамдай, яғни желілердің мыңдаған километрі Жер массасына парапар, бұл желілердің тығыздығы өте жоғары демек.[1]
Теорияға сәйкес ғарыштық желілер Жойқын жарылыстан кейін түзілді және алдын-ала тұйықталған немесе шексіз болған. Желілер жиырыла алады, бірін-бірі баса алады және жыртыла алады. Желілердің үзілген шеттері тұйықталған бөлшектер түзіп, қайта жалғаса алу мүмкіндігіне ие. Желілердің өздері де, олардың бөлшектері де Ғаламда жарық жылдамдығымен ұшады. Олар бүкіл Ғаламды алып, Ғаламның бір жиегінен екінші жиегіне қарай жалғасқан.
Байқалуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ғарыштық желіні көру, әрине мүмкін емес, себебі ол кез-келген массалық нысан сияқты «гравитациялық линзаны» түзеді: оның артқы жағындағы қайнарлардың жарығы оны айналып өту керек.
2003—2005 жж. бірнеше баспасөз беттерінде жарияланып, 6-7 миллиард жарық жылы қашықтығында орналасқан CSL-1 галактикасының кескіндеріне сәйкес, ғарыштық желілер құбылысы ашылды деген ұйғарымдар келтірілді.[2][3][4] Алайда, кейінгі зерттеулерде[4][5] CSL-1 айналасындағы ғарыш желісінің табылуы теріске шығарылды. Дегенмен, мәселе ғарыштың алуан бір нысанының түрін ашумен емес, ғарыштық желіні байқау төңірегінде шоғырланды деген мүмкіндік қалды.[6]
2010 жылдың қазанына қарай ғарыштық желілердің болу мүмкіндігін, квазарларды байқауға негізделген зерттеулерлердің нәтижесінде алынған хабарламалар жанама түрде айғақтандыра түсті[7].
Әдебиетте кездесуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ғарыштық желілердің ғылыми фантастикалық шығармаларда сюжеттің құрылымдаушы элементі ретінде кездесуі мысалдары байқалады. Бұл мысалдар ирландиялық фантаст-жазушы Иен Макдональдтың «Кольцо Вертанди» және ресейлік фантаст В. В. Головачёвтың шығармаларында кездеседі.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b Открытие космической струны получило первое подтверждение?
- ↑ a b Астрономы открыли космическую струну?
- ↑ M. Sazhin e. a. MNRAS 343 (2003) 35 Үлгі:ArXiv
- ↑ a b Астрономы порвали космическую струну Мұрағатталған 17 мамырдың 2013 жылы. 24/01/06
- ↑ M. Sazhin e. a. MNRAS 376 (2007) 1731 Үлгі:ArXiv
- ↑ S. V. Krasnikov Gravitation and Cosmology 15 (2009) 62 Үлгі:ArXiv
- ↑ Cracks in the Universe: Physicists are searching for the fingerprints of cosmic strings