Қабыршақтылар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Шөл игуанасы

Қабыршақтылар (Squamata) – бауырымен жорғалаушылар класының бір отряды.

Бұлар жер шарында кең тараған (тек Антарктидада кездеспейді). Қабыршақтылардың 6600-дей түрі белгілі, олар 3 отряд тармағына (кесіртке, жылан және амфисбендер) бірігеді. Амфисбендер (Amphisbeania) – кесірткелерге жақын жануарлар. Бұлардың 23 туысқа бірігетін 140 түрі бар, негізінен, Оңтүстік және Орта Америкада, Батыс Азияда тіршілік етеді. Қабыршақтылардың дене пішіні әр түрлі мүйізді қабыршақтармен және қалқандармен жабылған. Олардың астында сүйек қатпарлары орналасады. Басының самай сүйегі дамымай қалған (редукцияланған). Үстіңгі жақтың шаршы сүйегі бас сүйек қабымен қозғалмалы түрде байланысқан. Қозғалмалы қабақ кесірткелерге тән, ал жыландардың қабақтары мөлдір, олар бір-бірімен бірігіп кеткен. Аталықтарында көбею мүшелері жұп болады. Қабыршақтылардың жұмыртқаларының жұмсақ жарғақ тәрізді қабығы болады. Қабыршақтылардың биоценоздағы рөлі зор, а. ш-на зиянды жәндіктер мен ұсақ жануарларды жеп пайда келтіреді, уынан дәрілік препараттар алынады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Энциклопедиясы